19:13
Тіл тарихы

ЛАТЫН ТІЛІ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТІЛ

Жағдай 800 жылдарға таман өзгерді. Шіркеулерге қарайтын мектептерде реформа жүріп, дамыды. Латынша жазу мен оқуды үйренгендердің қатары көбейе түсті. ХІІ ғасырда бүкіл Еуропада, тіпті ешқашан Рим империясына кірмеген қазіргі Германия, Польша, Дания сияқты елдерде де латын жазуы қолданылды. Одан басқа жазу болмағандықтан, латын көптеген елде үстемдік құрды. Бұл кезде латын ешкімнің ана тілі болмаса да, оны көп салада қолданды, әсіресе мектепте латынша оқи және жаза білуді үйренуге мәжбүр шіркеу қызметкерлері арасында латын тілі еш тоқтаған емес.

Бірнеше ғасыр бойы латын Еуропаның жалпыға ортақ жазу тілі болып қала берді. Уақыт өте келе, өзге де жазуы бар тілдер тарапынан бәсекелестік көбейді, бірақ ол өз бетінше жүрді. Латын ұзақ уақытқа дейін тізгінді бермей жүрді.

Латын тілі шіркеулерде XVI ғасырдың басындағы реформацияға дейін қолданылды. Одан кейін протестант шіркеуі Құдайға құлшылық етуде әр ұлт өз тілін қолдансын деген ереже бекітті. Католик дінінде латын берінен жиі қолданылды. 1960 жылдарға дейін дүниенің әр түкпіріндегі католик шіркеулері латын тілінде сөйледі.

Ғылыми жұмыстар және оқулықтарды өзге тілдерде жазу тек XVIII ғасырдан бастап мүмкін болды. Өткен ғасырлардағы француз Декарт, ағылшын Ньютон, неміс лейбниц сынды ұлы ойшылдар ғылыми жаңалықтарын латын тілінде жазған.

Сөйтіп, латын біреулердің ана тілі болудан қалса да, жазба және үйренген тіл ретіндегі қызметін жалғастыра берді. Ғасырлар бойы ол бірнеше тілде сөйлейтіндерге ортақ жазба тілі болып келді, тағы бірнеше ғасыр өткенде ғана бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Ол әлі де католик дінінің кейбір қызметтерінде, түрлі ғылымдардың кейбір аспектілерінде, медицина мен биологияда халықаралық терминдер тілі ретінде қолданылады.

Ұзақ уақы бойы барлық білімді еуропалықтар (оның ішінде ағылшындар да бар( кем дегенде екі тілде сөйледі. Тұрмыста ана тілінде сөйлесе, мектепте латын тілінде жазуды және сөйлеуді үйренді. Мектептер солай талап етті, ол, әрине, барлық оқушыға бірдей оңайға түспегені анық. Екінші жағынан, латын тілін үйренген адам Еуропаның басқа елдерінде адамдармен жазбаша да, ауызша да қарым-қатынас жасауға қабілетті болды. Қазір ағылшын тілі дүниежүзінің көптеген елінде осыған ұқсас рөл атқарып отыр. Бірақ ағылшын тілі халықаралық тіл ретінде 6-7 ғасыр бұрынғы Еуропадағы латын тіліндей соншалықты кең тарай қойған жоқ.

Латын тілі Еуропада мұндай дәрежеге, негізінен, шіркеудің арқасында жеті. Ғасырлар бойы қоғамның іргетасы – христиан діні, ең белді де беделді ұйымы христиан шіркеуі болды. Батыс шіркеуі о бастан латын тілін таңдады және бұл таңдау ұзаққа созылды. Екінші мыңжылдықтың басым бөлігінде ресми білім беру ісі шіркеудің құзырында болды, сабақты қай тілде жүргізу керек екенін шіркеу, әрине, өз пайдасына шешіп отырды.

Сөйтіп, халықты ана тілінде жазудан алыстатты. Балалар сөйлеуді үйреніп алғаннан кейін, мектепте жазуды үйренуге кіріседі. Сол кезде олар өзге тілге бұрылып, ана тілінде жазуды ешқашан үйренбеуі мүмкін. Орта ғасырлардың басым бөлігінде Еуропада солай болған. Бүгінгі Африка мен Азия елдеріндегі жүздеген миллион адам осындай жағдайда біілм алуда, бір айырмашылығы олар латын тіілнде емес, ағылшын, француз немесе португал тілдерінің бірінде білім алуды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 163 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: