21:39
Тіл тарихы

ТІЛДЕРДІҢ АССИМИЛЯЦИЯҒА ТҮСУІ және ЖОЙЫЛУЫ

V ғасырда Рим империясының құлауына қарай Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерінің көбі латын тілінде өйледі; өзге тілдердің тек кейбір элементтері ғана қалды. Мың жыл бұрын, Римнің іргетасы енді қаланған кезде, бұл аймақтың адамдары өте көп тілде сөйлегені сөзсіз. Олар жүз тілде сөйлеуі мүмкін, бірақ еш тілдің сөйлеушісі көп болған жоқ.

Ежелгі Мысыр мен Қытайдағы сияқты билік пен тіл арасында келісімшартқа ұқсас түсіністік болды. Бірақ ол елдерде тіл ресми дәрежеден аспады. Рим империясында мемлекеттік тіл үлкен экспансияға ұшырады. Өте ықпалды орталық билік бар күшін салып, тұрғындардың басым бөлігін латын тілін өз ана тілі ретінде қабылдауға мәжбүрледі.

Тілдердің өзгеріске түсуінде тұрған таңданарлық ештеңе жоқ, тарихта тілдердің өзгеруі бірнеше рет болған. Десек те тарихта саяси билік көп өзгергенімен, билік өзгерген сайын тіл де міндетті түрде өзгере берген жоқ.

Адамдардың өзге тілге өткісі келмеуінің негізгі себебі – тіл қатынас құралы ғана емес, адамның өзін, жақындарын және топтастарын тануының маңызды жолы екенінде. Адам ата-анасынан алғаш естіген тілде сөйлеушілермен күшті эмоциялық байланыста болады. Сондықтан үлкен себеп болмаса, ана тілінен айырылғысы келмейді.

Дегенмен адам кейде ондай қадамға барады. Оның себебі Ежелгі Римдегі жағдайды еске түсіреді, атап айтқанда: қуатты мемлекеттің ықпалы, экономикалық ынталандырулар мен басты дін үшеуінің бірге әрекет етуі.

Рим империясындағы тілдердің өзгеріске түсуі ол тілдердің азаюына алып келді. Алдында айтқанымыздай, бұл – бірнеше мыңжылдыққа ұласқан дүниежүзі тарихының басты үрдісі. Рим империясы заманында тілдің жоғалуының әдеттегі жолы сөйлеушілер бір тілден екінші тілге көшкенде болды. Бірінші кезеңде екі тілдің өкілі үйленіп, олардың балалары әке-шешесінің тілін үйренбей, мүлде жаңа тілде сөйлей бастайды. Ұрпақтан ұрпақ ауысып, сөйте-сөйте бастапқы тіл мүлде ұмытылады.

Бұл жақсы ма, жаман ба? Біржақты жауап беру қиын. Бір халықтың тілі жоғалған кезде, сол халықтың мәдени жетістігі де жоғалады. Тілдің лексикалық қоры мен грамматикасының, дыбыс жүйесінің қалыптасуына жүздеген, кейде мыңдаған жыл кетеді. Бұл – мыңдаған, миллиондаған адам қатысатын тұрақты ұжымдық іс-әрекет. Ол адамдардың өмірден алған тәжірибесі мен ойлары тілге кірігіп тұрады, тіл жоғалған кезде, олар да оралмастай жоғалады.

Екінші жағынан қарағанда, тіл мұражай жәдігері емес. Тіл – қолданыталын жағдайға байланысты жаңа тіл – олардың өздері мен балаларының қолдануына ыңғайлы құрал болғаны. Рим империясындағы жағдай Қытайдағы тілдердің тағдырына ұқсас. Білім мен мәдениет, маңызды адамдармен қарым-қатынас, қызмет, ақша және билік әсерін тигізбей қоймайды. Егер ұсақ әрі еш әлеуеті жоқ тілде емес, үлкен әрі кең таарған тілде сөйлесеңіз, соның бәріне қол жеткізесіз. Адамдар көбінесе осы себепке байланысты өз ана тілінде сөйлемейді.

Бүгінде тілдердің өзгеріске түсуі мен жойылуы айтарлықтай жиі болып жатыр. Бірақ латын тілінің кейінгі тарихы оған қарсы процесті, жаңа тілдердің тууын көрсетеді.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 161 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: