18:28
Тіл тарихы

ЖАҢА ГРЕК ТІЛІ

Константинополь қаласы жаулап алынғанмен, грек тілінің тарихы аяқталған жоқ. Грекия Осман империясының құрамында болған жылдары, яғни XV ғасырдан XVIII ғасырға дейін грек тілі сөйлесу тілі ретінде қолданылды. ХІХ ғасырдың басында Грекия тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ал грек тілі қайтадан ресми жазба тілге айналды.

Алайда бұл кезеңде ежелгі жазу тілін қайта жаңғыртып, бұрынғыдай қолдану мүмкін болмады. Оның үстіне , ауызша тіл ежелгі жазба түрі қолданысқа енбеді. Грек тілі көптеген өзгеріске ұшырады. Сонымен қатар жаңа мемлекет ескі империяның ізбасары болған жоқ. ХІХ ғасырда жазба тілдің қос бірдей жаңа және бәсекелес формасы пайда болды.

Солардың бірі – dimotiki, яғни «танымал тіл». Ол қазіргі ауызекі грек тіліне ұқсас. Ал kathareuousa – «таза тіл» деп аталатын тағы бір түрі классикалық грек тілінің көптеген сөздері мен формаларынан құралған.

Аталған екі форма әдебиет саласында, мектептерде және ресми-іскерлік қатынаста ұзақ уақыт бойы бәсекелес болды. Тіл мәселесі кей кездері қарама-қайшылық тудырып, көбіне саясат тұрғысынан қарастырылды. Кафаревуса консерватив көзқарастармен, ал диномики радикал көзқарастармен байланысты болды. Хунта әскерлері енген сәттен бастап, кафаревусаның беделі төмендей түсті. 1967 жылы кафаревуса мектептерде міндетті пән болып бекітілді. Бірақ көп ұзамай хунта әскерінің жеңілуіне байланысты 1976 жылы димотики тілдің жалғыз ресми формасы ретінде жарияланды. Қазір де осы форма қолданылады. Димотикимен қатар, кафаревусаның ежелгі грек тілімен ұқсастығы көп. Екеуінің де негізі – грек тілі. Кафаревуса да 2500 жылдан астам уақыт бұрын пайда болған ежелгі грек алфавитіне негізделген.

Гректердің ана тіліне берген атауы мен өзгелер қолданатын сөздің арасында бір ерекшелік бар. Ағылшын тілінде тілді ежелгі және византиялық грек тілінен бөліп қарастыратын «қазіргі грек тілі» деген термин бар. Француз тілінде де дәл сондай «grec modern» деген термин бар. Ал немістер «Neugriechisch» деп айтады және тағысын тағы. Бірақ гректер «elliniki glossa» деген терминді пайдаланады. Ол – 2400 жыл бұрын Платон өмір сүрген кезеңде қолданыста болған эллиндік тіл. Қазіргі тілдің ежелгі тілден өзгеше екені бәріне мәлім. Дегенмен ежелден бір атауды пайдалану гректердің жалғастықты берік сақтайтындарын білдіреді.     

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 157 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: