01:17
Тіл тарихы

АЛЫП МЕМЛЕКЕТ

Біздің заманымызға дейінгі ІІІ және IV ғасырларда Цинь патшалығы бір бәсекелестен кейін екінші бәсекелесті басып-жаншып, оларды өзіне біріктіріп, үнемі жеңіске жетіп отырды. Б.з.д. 221 жылы Қытай қайта бірікті, Цинь деген көшбасшы өзін бірінші хуандимін деп жариялады. Хуанди деген екі сөзден құралған, «император» деп аударылады.

Бірінші император көптеген жетістікке жетті: ол өзіне алып кесене орнатты, оны терракоттан (күйдірілген саз балшықтан) жасалған әскер қорғап тұратын. Бұл топыраққа көміліп қалған кесене кешені 1970 жылдары табылып, әлід аршылып, археологиялық жұмыс жүріп жатыр. Бірақ Циньнің ең басты ерлігі – алып елді жалпыға ортақ тәртіп пен ережеге бағындыру. Ол орталық билікті күшейтіп, әкімшілік-басқару жүйесін қайта құрды, ортақ валюта енгізді. Сондай-ақ жазба тілдің бірыңға нормасы қалыптасты.

Алдымен, иероглифтердің сыртқы бейнесі ретке келтірілді. «Кіші мөр» деген атпен белгілі жазу әдебиеттің барлық түрінде, мөрлердегі жазуда, түрлі заттардағы түсініктеме жазбада және тағы басқа жағдайда қолданылды. Кіші мөр кейініректе қолжазба жазулары мен қалыпты жазудың қаріптерін жасауға негіз болды. Ең бастысы бір сөздің бірнеше түрде жазылуына шек қойылды, жергілікті сөздер, тіркестер, идиомалардың көбі қолданыстан шығарылды. Бүкіл қытай халқы жазудың бір ғана түрін қолдануға тиіс болды.

Бұл реформа тұрақты жүрді. Бірінші императордан кейін Хуань әулеті таққа отырды. Хань императорлары елді төрт жүз жыл басқарды, оларды ықпалды мемлекеттік қызметкерлер қолдап отырды. Білімді адамдар үлкен сұранысқа ие болды. Жазба тілдің көптеген аспектісінің нормалары анықталды. Бұл нормалар ХХ ғасырға дейін өзгеріссіз келді.

Бюрократиялық аппараты жақсы дамыған үлкен мемлекетке көп құжаттар мен ктаптар, олармен жұмыс істей алатын мамандар керек еді. Шамамен біздің заманымыздың І ғасырында қағаз ойлап табылып, мәтін жазу оңайлады. Оған дейін мәтіндер бамбукке жазылды, ол тым ебедейсіз болды, жібекке жазу тым қымбатқа түсті. Қағаз ойлап табылып, оны пайдалану мәтінді қолжетімді етті.

Білімді мемлекеттік қызметкерлермен қамтамасыз ету үшін, Қытай үкіметі б.з.д. І ғасырдың өзінде-ақ емтихан тапсыру жүйесін енгізді. Бірнеше ғасырдың жүзінде емтихан форматы тұрақталып, өзгермейтіндей жетілдірілді. Ол емтихандардың сәл толықтыырлған жүйесі ХІХ ғасырға дейін қолданыста болды. Емтихандарда студенттің классикалық қытай әдебиеті мен философияны білуі тексерілді, әсіресе Конфуцийдің шығармаларымен таныстығына назар аударылды. Барлық сынақты тапсырған талапкерлер беделді де жалақысы жоғары қызметтерге тағайындалатын.

Инновация емес, дәстүр жалғастығы жоғары бағаланды. Императорлық емтихандардың мазмұны онша қатты өзгермеді. ХІХ ғасырдағы ең жоғарғы эшелондағы шенеуніктер олардың ХІ, тіпті, ІІ ғасырдағы ізашарлары жаттап, талдаған Конфуцийдің өлеңдері мен даналық сөздерін үйренді. ХХ ғасырдың орта шенінде өлең жазған Мао Цзэдун VIII және ХІІ ғасырдан жеткен әдебиет үлгілеріне еліктеген.

Осы кезеңдерде өмір мүрген білімді адамдардың бәрі бірдей жазба тілмен таныс болды. Екі мың жыл бойы иероглифтер, олардың мағынасы, идиомалар өзгеріссіз қалды. Анда-санда жаңа жүйеге бар символдардың қосындысынан жазылған жаңа сөздер енгізіліп тұрды, бірақ жүйені қайта қарау немесе өзгерту туралы ешқашан сөз қозғалған емес. Хат танитын кез келген адам елдің әр түкпірінен жеткен әрқилы замандағы мәтіндерді түсіне алатын. Мысыр жазуы да тура осылай қызмет еткен. Бұл, әрине, жазу мен ауызекі тілдің арасындағы әлсіз байланыстың нәтижесі. Алфавитке негізделген тілдерде дыбыстық өзгерістер түпнұсқа орфографияны ұзақ уақыт бойы ұстануды болдырмайды немесе қиындатады. 

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: