15:59
Тіл тарихы

БАСҚА ДА ТІЛДІК ТОПТАР

Ең соңғы есептеулер бойынша, бүгінгі таңда жер жүзінде жеті мыңға жуық тіл бар. Десек те жер бетіндегі адамдардың басым көпшілігі бірнеше үлкен тілдің бірінде сөйлейді. Олардың кейбіреулері үлкен тілге жақында ғана айналды. Мысалы, Еуропада өніп-өскен ағылшын, испан және португал тілдерінде қазір Америкада бірнеше жүздеген миллион адам сөйлейді. Егер кімде-кім тілдердің еуропалық үстемдікке қалай қол жеткізгенін білгісі келсе, алдымен бастапқы тілдерді, әдетте ұсақ тілдерді ескеру қажет.

Жағдай әртүрлі және шатасып кеткен. Көптеген ұсақ тілдер және кейбір үлкен тілдер өзге бірде-бір тілмен еш байланыспайды. Оларды әдетте «оқшау тіл» деп атайды.

Ең белгілі оқшау тіл – жапон тілі, оның бұрыннан келе жатқан жазуы бар, бүгінгі таңда бұл тілде 120 миллион адам сөйлейді. Бұл тіл өзге тіл топтарымен, атап айтқанда, алтай мен кәріс тілдерімен байланысты деген жорамал бар, бірақ оған бұлтартпас дәлел жоқ.

Тағы бір жақсы белгілі мысал – баск тілі, ол тілде Испанияның солтүстігінде және Францияның оңтүстік-батысында сөйлейді. Баск тілін барлық жағынан үндіеуропа тілдері қоршаған. Бұл тілде екі мың жыл бұрын, аймаққа римдіктер келмей тұрған кездің өзінде сөйлеген. Оның бұрынғы тарихы белгісіз. Жер бетінде мұндай оқшауланған тілдер көп, әрқайсысының ұзақ тарихы бар. Бірақ көп жағдайда олар туралы ешкім ештеңе білмейді.

Дегенмен тілдердің көбі топтарға, қарапайым терминмен айтқанда, тілдік әулетке кіреді. «Әулет» сөзі шатастырады да. Тілдер бірнеше себеппен ұқсас болуы мүмкін, бірақ тілдер арасындағы қатынасқа адамдар арасындағы қатынасқа мүлде ұқсамайды. Сол себепті бұл тұтста «тілдер тобы» деген бейтарап термин қолданылады.

Банту тобындағы тілдер де үндіеуропа тобындағы тілдердей бастапқы бір тілден өрбіп шыққан тәрізді; солай болған жағдайда, дәстүр бойынша «әке тіл» мен әбала тілі» деп сөйлейміз. «Баланың» бір-ақ «әкесі» барын ескеріңіз. Ал кейде жағдай басқаша болады. Грамматикасы ұқсас, дыбыстық жүйесі бірдей, сөздік қорының жартысы ортақ тілдерді табуға болады, бірақ олардың прототілін анықтау қиын. Оның себебі – диалектілердің немесе жақын байланыстағы тілдердің бір-біріне ұзақ уақыт бойы әсер етуінде. Мұндай жағдайда кімнің «әкесі», кімнің «баласы» екенін анықтау мүмкін емес немесе қиын. Австралиялық тілдерді зерттеген Диксон тілдердің көп жағынан ұқсаса, бірақ бастапқы прототілді қалпына келтірудің мүмкін емес екенін көрсетті. «Өйткені олар ондаған мыңжылдықтар бойы өзара қарым-қатынаста болды», - дейді Диксон. Семит тілдері де осыған ұқсас жағдайда.

Протосемит тілі туралы ешкім көңілге қонымды ой айта алмады. Осы топтағы ең ежелгі аккад тілі Жерорта теңізінен Парсы шығанағына төрт мың жылдан астам уақыт бұрын тарады. Шамамен екі мың жыл бұрын Таяу Шығыстан қазіргі Оңтүстік Түркияға, одан Йемен мен Эритрея және африкадағы Эфиопияға жайылған. Оның қалай іске асқаны онша түсінікті емес, Семит тілдері Африкадан Азияға бұрыннан тараған болса керек, өйткені семит тобы афроазиялық тілдерді топ бөлігі болып саналады, ал ол топтың барлық басқа тармақтары Африкада орналасқан.

Дегенмен көптеген тілдік топтар географиялық тұрғыдан жүйелі. Белгілі тіл топтарының біразын мысалға келтірейік. Синотибет тобында сөйлеушілер саны 1 миллиард 350 миллонға жетіп жығылады. 1 миилиард 300 миллион сөйлеушісі бар қытай тілі сан жағынан бәрінен үстем тұр. Бірақ синотибет тобында одан бөлек 400-ге жуық тіл бар; олардың көбінде сөйлеуші саны аз. Ол тілдердің барлығы Азияның шығысындағы елдерде қолнаныста. Ал қытай тілін бүгінде әлемнің көп бөлігінен естуге болады. Бұл – соңғы ғасырлардағы қарқынды көші-қонның нәтижесі.

Өзге топтардың көбінде бірде-бір тіл бұлай үстемдік құрмаған. Соған қарамастан, сөйлеушісі көп топтарда бірнеше ірі тіл бар, өзгелері шағын. Мысалы, Оңтүстік Үндістандағы дравид тобында 200 миллион сөйлеушісі бар төрт ірі тіл бар (тамил, телугу, малаялам және каннада), қалған 15 миллион халық 18 тіл мен диалектіде сөйлейді.

Жалпы алғанда, лингвистер таныған жиырмаға жуық үлкен тіл тобы бар. Бұл жүйенің кей бөліктері туралы айтарлықтай тартыс бар. Ол, бір жағынан, көптеген тілдің әлі жете зерттелмегенінен болса, екінші жағынан, лингвистердің толықанды топ ұғымының критерийі төңірегінде келіспеуінде. Мәселен, ғалымдардың көпшілігі Солтүстік Америкада америкалық үндістердің өзара америкалық үндістердің өзара байланысы жоқ бірқатар тіл бар деп есептейді, ал кейбір лингвистер Орталық және Солтүстік Американың өзге де тілдері сияқты олардың бәрі бір топқа кіреді деп санайды.

Әйтсе де бүгінгі таңда тілдердің басым бөлігі аз ғана ірі тіл топтарына кіреді және бірнеше оқшау тіл бар. Оқшау тілдердің саны жөнінде келісім жоқ, ол топқа енгізу критерийіне байланысты. Тарихи тұрғыдан онша маңызды да емес, өйткені жалпы жағдай түсінікті. Тілдердің көбі үлкен аймақтарға тарап кеткен туыстас топтарға кіреді.        

Әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 197 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: