11:12
Тіл тарихы

БАНТУ ТІЛДЕРІ

Мал бағу мен егін егу Африкадағы Сахараның оңтүстігінде Еуропадан анағұрлым кеш жүрді. Осыдан үш мың жыл бұрынға дейін Орталық және Оңтсүтік Африка терімшілер мен аңшылар ғана тіршілік еткен жер болып қала берді. Содан бері экватордың оңтсүтігіндегі бүтіндей бір құрлықты банту тілінде сөйлейтіндер мекен етіп келеді.

О бастан банту тілдерінде сөйлейтіндер салыстырмалы түрде аз болуы мүмкін. Олар батыстағы, бәлкім, Камерундегі бастапқы мекенінен көшіп, шығысқа қарай бірнеше мың шақырым жүріп, Виктория көлі жағасына келіп, қоныстануы мүмкін. Олар шамамен 2500 жыл бұрын солтүстіктен егіншілік пен мал бағуды үйренсе керек. Одан соң құрлықта оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай үлкен басқыншылық жорық жүрді. Отаршыл бантулар егіншілікпен де айналысатындықтан, бірнеше ұрпақ ауысқаннан кейін, өздері басып алған жерлерде олардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе асып түсті.

Бүгінде банту тілдерінде 200 миллионнан астам адам сөйлейді. Олар солтүстігінен оңтүстігіне бес мың шаршы шақырымға, батысынан шығысына үш мың шаршы шақырымға созылып жатқан жерді мекен етеді. Олар әлемнің бұл бөлігін кей ғалымдар үндіеуропалықтар Еуропаны игергендей жолмен алған тәрізді, яғни егін мен малдың арқасында халық саны көбейген.

Айырмашылықтар да бар. Банту халқы және банту тілдері үндіеуропалық тілдерден анағұрлым тез тараған тәрізді. Сонымен қатар олардың өз тілдері де кеңінен таралған. Жүзге жуық үндіеуропа тілі бар, олардың басым бөлігінің сөйлеушілер саны 300-ден 600-ге дейін барады. Африкадан тыс жұрттың тек суахили, зулу, коса тілін ғана естуі бар. Көптеген тілде сөйлеушілер саны аз ғана, жазуы жоқ, мектептерде қолданылмайды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 186 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: