15:06
Тіл тарихы

АВСТРАЛИЯДАҒЫ АЛУАН ТҮРЛІ ТІЛДЕР

XVIII ғассырдың аяғына таман еуропалықтар Австралияға келгенде, көптеген тілде сөйлейтін миллиондаған терімшілер мен аңшылар өмір сүрген болуы мүмкін. Аборигендердің ұрпақтары Африканың оңтүстігіндегі сан халықтарына ұқсас жағдайды бастан кешуде.

Сандардан айырмашылығы – австралиялықтар айқын атауы бар топтарда өмір сүреді (немесе өмір сүрген). Олардың әрқайсысы бір-біріне туысқан, салт-дәстүрі және тілі де ортақ бірнеше жүз адамнан тұрады, тіпті мың адамға дейін баруы мүмкін. Топ мүшелері өздерінің басқа тайпалардан бөлек тілде сөйлейтінін біледі және ол тілдің атауымен бірдей болып келеді. Мысалы, yidinj (Йидиндж) тілінде сөйлейтіндерді yidinji (Йидинджи) деп атайды, яғни «yidinj тілінде сөйлейтіндер yidinj тілділер(. Австралиялық терімшілер мен аңшылар үшін тіл – атауы бар, маңызды, айқын анықталған құрылым.

Диксон австралиялық тілдерге арналған еңбегінде: «Кем дегенде 700 өзіндік бөлек атауы бар тілдік топ болған», - дейді. Бірақ ол «континентте іс жүзінде 700 тілде де сөйлемеген» деп ойлайды. Ол атаулардың көбі тілді емес, диалектіні білдірген деп, 250 деген санға тоқтайды. Мысалы, Солтүстік Квинслендтегі ондаған топ өздерін Girramay, Jirrbal, Mamu, Nagajan деп аталатын тілдерде сөйлейміз деп санағанмен, Диксон: «Диалектілік нұсқалармен тармақталған бір-ақ тіл бар», - дейді. Диксон ол тілді Dyirbal деп атады.

Бұл – тілді қолдану жолдары бірдей болғандықтан және топтардың мүшелері өзгелердің сөйлеуін қиындықсыз түсінуге байланысты болатын жайт. Айырмашылықтар бірнеше сөз және дыбыстық жүйе мен граматикадағы кейбір ерекшеліктермен шектеледі. Еуропалық тілдер ішіндегі диалектілер де тура осындай жағдайда. Сондықтан Диксонның қайта атау шарасын түсінуге болады. Бірақ қолданушылардың өз тіліндегі түрлер туралы айтқанын тура сол мағынасында қабылдаудың қажеті жоқ. Бұдан екі үлкен сұрақ туындайды: Тілдің тіл екені қалай анықталады? Ол шешімді кім қабылдайды?   

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 231 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: