22:33
Тұлғалану толқындарында

СЫН АЙТУДЫҢ ЖӨНІН БІЛ!

Кемшілікті жою үшін қателікті көрсету қажет. Алайда ешбір адам өзіне жасалған оңайлықпен қабылдамайды. Өйткені санамыз айтылған сынды өзіне төнген қауіп деп түсініп, бірден қарсылық танытады. сондықтан сын-ескертпені айтудың әдебі бар. Кейбір кісілер айналасындағы адамдардың қате, кемшіліктерін тіміскілеп, реті келсін-келмесін радикалды түрде сынау арқылы өзінің дәрежесін көтеріп, бағасын арттырғысы келеді. Мұндай адамдардан айналасы азар-безер болып, араласудан қашады. Араласса да тиіп-қашып, қорғаныс жағдайында ғана қарым-қатынас жасайды.

Сын-ескертпе айтқанда, тыңдаған адам сіздің сөзіңізден жанашырлық ниет байқауға тиіс. Ол үшін сын айтпақ болған кісіңіздің әуелі  жақсылығын айтудан бастаңыз. Одан кейін «Мына мәселелерді былай жасасаң, одан да жақсырақ болады, бірақ мен де қателесеуім мүмкін», - десеңіз, естішуге ыңғайлы болады. Тіпті дәл сол мезетте қабылдамаса да, дұрыс ойлануына мүмкіншілік туғызған боласыз. Себебі сіз әуелі оның жақсы жағын айттыңыз. Оны сынапмінеп, абыройын мүлдем сызып тастаған жоқсыз. Өзіне деген сенімін арттырдыңыз. Ынтасын ояттыңыз. Екіншіден, «мынауың қате» деген жоқсыз. Оның орнына «былай жасасаң» деу арқылы кемшілік емес, дұрыс нұсқа көрсеттіңіз. Демек, тікелей сын жоқ. Үшіншіден, «былай жасасаң, одан да жақсырақ болады, бірақ мен де қателесуім мүмкін» деген сөзіңіз жанашыр адамның шынайы ниетін байқатты.

Пайғамбарымыз әз сахаба абдуллаһ ибн Омарға: «Абдуллаһ қандай жақсы азамат! Егер түнгі намазын оқыса, бұдан да жақсы болады», - дегені дұрыс сын айтудың өнегелі үлгісі болмақ. Әуелі адамның жақсы жағын, жетістігін айтыңыз. Сосын кемшін тұсын мүмкіндігінше көзіне шұқымай, жанашырлықпен тілге тиек етіңіз. Әңгімені тағы да жақсы жағын айта отырып аяқтаңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: