10:12
Тұлғалану толқындарында

ЖҰМАҚҚА ЛАЙЫҚ АДАМ

Алла елшісі отырған сахабаларына «Қазір мына есіктен жұмаққа лайық адам кіреді» дейді. Сахабалардың назары еріксіз есікке ауады. Қолында аяқ киімі, сақалынан дәрет суы тамшылап бір сахаба кіріп келді. Осы оқиғадан кейін Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас атты сахаба пайғамбар жәннатпен сүйіншілеген әлгі кісінің үйіне әлденені сылтауратып үш күн жатады. Үш күн оны бақылайды. Жұмаққа лайық амалдарын байқауға тырысады. Бірақ анау айтқандай еш нәрсе байқамайды. Содан «Пайғамбарымыз сені жұмаққа лайық адам» деп сүйіншілеген еді. Үш күннен бері сенің бойыңнан бізде жоқ ерекше қасиетіңді білуге тырыстым. Бірақ сенің бойыңнан бізде жоқ ерекшелікті байқай алмадым. Қане, айтшы, Пайғамбар сені жұмақпен сүйіншілейтіндей біз білмейтін сенде қандай қасиет бар?» дейді. Сонда әлгі сахаба «Менен не көрсең, мен солмын. Тек басымды жастыққа қоймас бұрын жасайтын бір ісім бар. Күнде жатарда: «Уа, Алла тағалам, бүгін мені кім ренжітіп, көңіліме қаяу салған болса, солардың бәрін кешірдім», - деп жүрегімді реніш пен өкпеден, ашу мен ызадан тазартып барып жатамын», - дейді. Мұны естіген Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас: «Осы ғой біздің жасай алмай жүрген ісіміз», - деп Пайғамбар үкімінің мәнін ұққандай болады. Міне, сахаба ұсынған нағыз пайдалы медитация. Санаңды бүкіл негатив ойлардан тазартып, жадыңды барлық жаман пікірлерден арылтып барып ұйықта. Қандай ғажап!

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 13 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: