21:36
Тұлғалану толқындарында

АСА МАҢЫЗДЫ ДАҒДЫЛАРҒА МӘН БЕРІҢІЗ

Дағдылар әртүрлі. Кейбір дағдылар өмірімізге оң өзгеріс жасауға ықпалы мол. Мысалы, ерте жату бойдағы жоғалған қуатты толықтай қалпына келтіріп, қиналмай ерте тұруға, сергек оянуға көмектеседі. Ал әбден тынығып, сергек күйде оянған адам сол күнін пайдалы өткізеді. Сондай-ақ спортпен айналысу және сауатты тамақтану дағдысы ерте ұйықтауға көмектеседі. Өзіңе деген сенімділікті оятады. Тәртіпке тәрбиелейді. Дені сау адам алдына қойған мақсатына жету жолында энергия тапшылығын сезінбейді. Күнделікті оқу, үйрену дағлысы ойлау қабілетіңді арттырып, дұрыс шешімдер қабылдауға, проблемаларды оңай шешуге көмектеседі. Рухани әлеміңді байытады.

Кейбір жаман әдеттер кері кетуге дәл солай ықпал етеді. Ықпалының ауқымдылығы соншалық теріс әрекеттер нәтиже бере бастайды. Мысалы, жарым түнге дейін ұйықтамай, теледидардың алдында немесе смартфонды шұқылап отыру ертеңгі күні кеш тұруға мәжбүрлейді. Өзіңді қинап ерте тұрған жағдайдың өзіңде ұқйың қанып, бойыңдағы қуатың толық қалпына келмегендіктен, күні бойы ұйқылы-ояу маужырап жүресің. Өзіңді нашар сезінесің. Бүкіл күнің берекесіз өтеді. Соның салдарынан қолыңа алған істі тиянақты жасап, аяқтауға кедергі келтіреді. Адамдармен қарым-қатынасыңа теріс әсер етуі де мүмкін. Қате шешімдер қабылдауыңа себеп болуы ықтимал. Адам ресурсы мен қуаты шектеулі болғандықтан, өміріңізге оң өзгеріс жасауға көбірек ықпал ететін, сізді мақсатқа жетуіңізге көмектесетін маңызды бірнеше дағдыға аса көңіл аударып, басымдық танытыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: