08:25
Тұлғалану толқындарында

СУ – ӨМІР

Су – тіршілік көзі. Н2О. Жер бетінің шамамен 70%-ын су алып жатқаны сияқты, адам денесінің 55-60%-ы судан құралып, тіпті ішкі ағзалар мен бұлшық еттер, мидың 70%-ы сұйықтықтан тұрады.

Адам ағзасына қажетті суды шай, кофе, басқа да газды сусындар алмастыра алмайды. Таза су – денсаулықтың ең арзан «инвестициясы». Таза су ішуді әдетке айналдырсаңыз:

  1. Денеде зат алмасу жұмысы ретке келеді;
  2. Денедегі оттегі тасымалы жақсарады;
  3. Дене қызуы бір қалыпты деңгейде болады;
  4. Барлық ішкі орган, буын мен мидың жұмысы жақсарады;
  5. Терінің құрғап кету қаупі азаяды;
  6. Көңіл-күй сергек жүреді;
  7. Байсалды боласыз.

Адам ағзасына күнделікті 2-3 литр су қажет. Тыныс алып, ауаны сыртқа шығарғанда немесе ағзадан қажетсіз заттар сыртқа шыққан кезде, терлегенде, физикалық күш жұмсағанда бойдағы су жоғалады. Адам кем дегенде күніне 2-3 литр суды сыртқа шығарады. Сондықтан оның орнын міндетті түрде таза сумен толтырып отыру қажет. Алайда көпшілігіміз денеге қажет күнделікті су нормасын толық қалпына келтірмейміз.

Ақыл-кеңес: әдемі су құятын құты сатып алып, оған су құйып алып жүріңіз. Бұны әдетке айналдырыңыз. Бұл ешқандай жаңалық емес, ертеде ата-бабаларымыз белінен торсық тастамаған. Сіз де осылай жасаңыз.

Су ішсеңіз, ми жұмысы жақсарып, есте сақтау қабілетіңіз артады. Су ішкен соң асқазан, ішек жолдарының қызметі қарқындап, ас жақсы қорытылады. Су бұйрек-бауырды шлак, токсиндерден тазартады һәм жүрек соғысы орнығып, қан кедергісіз айналады. Қозғалыс кезінде су ішіңіз, ағзадағы артық майларды жағып, бұлшық еттеріңізге оттегін жеткізеді.

Су – пайдалы, зиянсыз, калориясыз, қолжетімді сусын. Десе де судың сапасына мән беріңіз. Ішіп жүрген суыңыз химиялық қоспалардан ада, дәрумендерге бай болуы керек.

Басыңыздың жиі ауруы, аузыңыздың құрғауы, ашушаңдық, артық салмақ – бұлардың бәрі денеңіздегі су тапшылығының әсері болуы ықтимал. Сондай-ақ зәріңіздің түсі сіздің денеңіздегі су мөлшерінің көрсеткіші бола алады. Егер зәріңіздің түсі қою сары болса, тәніңізге су жетіспейтіндігін білдіреді. Әсіресе жасыңыз ұлғайған сайын суды көбірек ішуді әдетке айналдырыңыз. Себебі 65 жастан кейін денеге судың қажеттігі артады.

Сапалы су – қандай да бір химиялық қоспалардан, ауыр металдардан, микроорганизмдерден таза, сондай-ақ құрамында кальций, магний, натрий т.с.с. пайдалы элементтер кездесетін, рН деңгейі 7,6-дан жоғары су.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 16 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: