10:22
Тұлғалану толқындарында

ШҮКІР ЕТУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ

Шүкір етсеңдер, сөзсіз, нығмет-жақсылығымды арттыра түсемін.

«Ибраһим» сүресі, 7-аят

Әр күні жатарда Аллаға алғыс айтып, берге жақсылықтарына шүкір етуді әдетке айналдырыңыз. Мүмкіндігінше күнделігіңізге Алланың берген нығметтері мен жақсылықтарын еске түсіріп, жеке-жеке жазыңыз және әрқайсысы үшін алғыс айтып, шүкір етіңіз. Бұны әдетке айналдырсаңыз, өзіңіз өмірде байқай бермейтін Алланың нығметтері мен жақсылықтарын көретін боласыз. Бұл сізді сөзсіз керемет сезімге бөлейді, әрі бойыңызға ғажайып шабыт береді.

 

Шүкіршілік дегеніміз не?

Шүкіршілік – жаратылыс сыры, шүкір – дүниенің мәйегі, шүкір – адамдықтың рәмізі, шүкір ету – пенденің ең үлкен міндеті. Шүкір – жақсылық иесіне жақсылығы үшін қарыздар екеніңді сезіну, оның алдында бас иіп, алғыс-рақметіңді білдіру.

Міне, жаратылыста шүкір осыншалықты маңызды. Өкініштісі, адам баласының көбі бұл қасиеттен мақұрым. Құран Кәрім: «Құлдарымның арасында шүкір етушілер өте аз» деп ескертеді.

Міне, адам баласы кішкене ойланып-толғанса, өзін қоршаған қай нәрсе болмасын Алла тарапынан арнайы әзірленіп, адам баласының игілігі үшін берілгенін түсінер еді. Тіпті өзінің жоқтан бар етіліп, тіршілік иесі болуының өзі баға жетпес нығмет.

Ұлы Жаратушының адамға берген жақсылық, нығметтері шексіз. Құранда: «Егер Алланың сендерге берген нығметтерін санасаңдар, санап тауыса алмайсыңдар», - дейді.

Біз, адам баласы, денсаулықтың 12 мүшеміздің баға жетпес нығмет екенін түсініп жүрміз бе? оларды бізге тегін берген Раббымызға рақметіміз бен алғысымызды білдіріп, Оған қарызбар екенімізді сезіндік пе? Шындығында, бізге бұл сұраққа жауап беру оңай емес.

Егер бізге біреу миллион ақша сыйласа, оған рақметімізді жаудырып, алдында құрақ ұшамыз. Ал енді бір қолымыз шолақ болса, мейлі миллиардтаған жыл жұмыс істеп, триллион ақша тапсақ та Алланың бізге тегін берген сау қолын сатып ала аламыз ба сатып ала алмасақ, неге біз триллион ақша жұмсап істей алмайтын әрбір мүшемізді бізге тегін сыйлаған Ұлы Жаратушымызға алғыс-рақметімізді білдірмейміз?!

Осыншама жақсылықты, ырыс-берекенің алғысы «шүкір» деген үйреншікті сөзбен шектелмейді. Ұлы Иемізге деген шынайы алғысымыз бен махаббатымыздың белгісі – Оның бұйырған әмірлерін айна-қатесіз орындап, міндеттеген ғибадаттарын толық атқару, тыйымдарынан түгелдей тыйылу.

Көбіне біз рақметімізді, алғысымызды шынайы Иесіне емес, жолда тұрған себептерге білдіріп жатамыз. Қалайша дейсіз бе? базардан бір алма сатып алдық делік. Сатушыға рақметімізді айтып, қолына ақша ұстатамыз. Бұл дұрыс. Бірақ сол алманы «құлым жесін» деп көз тартар сұлу пішінде жаратып, сілекейіңді ағызар тамаша дәм және мұрын жарар керемет жұпар иіспен безендіріп, бізге жіберген, яғни алманың шынайы иесі – Алла тағалаға шүкірімізді, рақметімізді білдіріп, Оған деген қарызымызды сезінеміз бе?

Сатушының қолына ұстатқан азды-көпті тиын-тебенді алманың құны деп ойламаңыз, ол тек сатушының еңбегі ғана. Себебі алманың құны – өлшеусіз. Ол ақшамен өлшенбейді. Неге дейсіз бе? егер алма жоқ болса, оны өсіру үшін дәнегін қайдан аламыз? Миллиардтаған қаржы жұмсап бір түйір дәнін жасай алмас едік. Тіпті дәні бар болған күннің өзінде оның өсіп-жетілуіне керекті жарықты, ауаны, топырақты, ондағы әртүрлі минералды қайдан табамыз тек күн энергиясын триллиондаған долларға сатып ала алмасымыз анық. Тіпті бүкіл әлем жиналса да, алма үшін керекті суды, ауаны жасай алмайды. Енді осы алмаға керекті күн, ауа, топырақ, су сияқты қажет затардың баға жетпестігін ескере отырып, алманы бағалап көрейікші.

Иә, біз көбіне Жаратқанды ұмытып, ортадағы себептерге алғыс білдірумен шектеліп жатамыз. Бұл ісіміздің қаншалықты әділетсіз екенін аңғару үшін мына мысалға назар аударайық.

Патша қызметшісі арқылы біреуге бағалы сый жіберді делік. Әлгі адам сыйлықты ала салысымен рақметін үйіп-төгіп, патшаның қызметшісіне айтып, сыйды тарту еткен патшаның өзін елемесе, қалай болады? Бұл тұста нағыз алғыс айтуға лайық жан қызметші емес, патшаның өзі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 22 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: