10:09
Тұлғалану толқындарында

ДЕМОСФЕН

Айтар ойын толық жеткізе алмайтын, екі сөйлемнің басын құай алмайтын адамдар арнайы жаттығып, сөз саптау тәсілдерін меңгеріп, уақыт өте келе дүлдүл шешен, жарты әлемді аузына қаратқан мықты оратор болғаны тарихтан белгілі. Мысалы, көне грек ділмәрі Демосфен (б.д.д. 384-622 ж.ж.) бала кезінде тілі мүкіс, тұтықпа бопты. Даусы да бәсең, тынысы әлсіз, өзі ұялшақ, сөйлегенде екі иығын қайта-қайта көтере береді екен. Ол аузын ашса, жұрт жынды адам көргендей күлетін көрінеді. Осындай кемшіліктеріне қарамастан, ол көпшілік алдына шығып ойын еркін, шешен жеткізуді іштей қатты армандайтын.

Ол мақсатына жету үшін әртүрлі жаттығу жасауды қолға алады. Даусын теңіздің жойқын шуылынан да жоғары шығару үшін ол аузына қиыршық тастар салып, шуылымен жарыса айғайлайтын. Итті әдейі ызаландырып, одан «р» әрпін дұрыс айтуды үйренген-мыс. Ел көзінен тыс оңаша жаттығу үшін шашының жартысын қырып тастайтын болыпты. Сөйлегенде иығы көтерілмес үшін қылыштың өткір жүзін асып қоятын әдіс қолданады. Осындай жаттығулардың арқасында Демосфен әлемдегі ең үздік шешен, мықты оратор ретінде тарихта қалды. Тіпті ол әлем шешендерінің эквивалентіне айналды, сөз сөйлеу техникасын шегіне жеткізді. Демек, бұл – әр адам шын ниеттенсе, жетістікке жететініне дәлел. Қазақтың «көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың» деген мақалы бекер айтылмаған.

 

ТАЛАПТЫҒА НҰР ЖАУАР

Әкесі марқұм бала кезіндегі оған домбыра сатып алып келді. Онан басқа бауырлары бірден үйреніп алды. Онда ықылас жоқ. Оны байқаған әкесі: «Балам, домбыра тартуды үйрен. Өмірде пайдасы тиеді. Достарыңның ортасында мерейің үстем болады», - деп ақыл айтты. Ал ода саз ырғағын ұғатын қабілет болмаған соң, әке сөзіне де мән бермеді. Арада жылдар өтті. Жасы қырыққа келгенде әкесінің баяғы сөзі есіне түсіп, арнайы ұстаз жалдап, күй тартып үйренуге тырысты. Алғашқыда саусақтары қатып қалғандықтан, икемге келмеді. Бірақ үздіксіз жаттығудың арқасында бірнеше күй үйренді. Тіпті ұлы екеуі мектеп сахнасына шығып, бірнешеуін орындап берді. әрине, кәсіби тұрғыда меңгерді деп айтуға болмайды. Бірақ жаман да емес.

Ол туған ауыл таулы аймақ. Көл жоқ. Сондықтан суда жүзуді білмейтін. Соның кесірінен 25 жасында терең бассейнге батып кете жаздағаны бар. Абырой болғанда, байқап ақлған бір жігіт құтқарып қалды. Осы оқиғадан кейін судан өлердей қорқатынды шығарды. Кейіннен 35-ке толғанда бойындағы қорқынышты жиып қойып, арнайы жаттықтырушы жалдап, кәсіби жүзудің бірнеше түрін меңгеріп алды. Уақыт өте келе тоқтамастан ұзақ қашықтыққа еркін жүзетін болды. Бұл – оқиғалар өз басынан өткен дүниелер. Яғни үйренем деген адамға шынайы ықылас болса кедергі деген түк емес.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 23 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: