09:09
Тұлғалану толқындарында

«NUDGE» ТӘСІЛІ

Ричард Талер атты Чикаго университетінің профессоры «nudge» (итерілу) теориясын ойлап табады. Ол осы жаңалығы үшін 2017 жылы экономика саласы бойынша Нобель сыйлығына лайық деп танылды.

«NUDGE» деп адамдардың іс-әрекетін ешқандай мәжбүрлемей өзгерту тәсілін айтады. Яғни болмашы мәлімет арқылы адамдардың қажетті шешім қабылдауына түрткі болу.

Кез келген дағды контеске тәуелді. Айналамызда қоршаған физикалық заттар біздің іс-әрекеттерімізге бейсаналы түрде әсер етері анық. Біз күнделікті жасап жүрген іс-әрекеттеріміздің көпшілігін саналы түрде қабылдаған шешімдер нәтижесінде жасамайды екенбіз. Осыны білген маркетологтар супермаркет сөрелеріндегі бірден көзге түсетін өатарға қымбат өнімдерді, ал кассаның алдына сағыз, шоколад секілді ұсақ-түйек заттарды орналастыруға кеңес береді. Өйткені адамның көбі бейсаналы түрде көзге көрінген нәрсені сатып алуға бейім.

Ғалымдар мынадай зерттеу жүргізіп көрген. Бостондағы емхананың газдалған сусын қойылатын тоңазытқышына табиғи су бөтелкелерін орналастырады. Қарапайым ғана осы өзгеріс үш айдың ішінде газдалған сусындардың сатылуын 11%-ға төмендетіп, ал судың сатылуын 25%-ға көтеріп тастаған. Зерттеу жүргізгендер азық-түлікке қатысты да осындай өзгерістер жасау арқылы ұқсас нәтижелерге қол жеткізген. Кафетерияға келген кісілерге не істеуі керек екендігі арнайы айтылмаса да, қарапайым сыртқы өзгерістер арқылы тұтынушылардың дұрыс шешім қабылдауына ықпал еткен. Осы тәсілді біз күнделікті өмірімізге тиімді қолдана аламыз. Мысалы:

  • Күнделікті су ішетін әдет қалыптастыру үшін холл, ас үй секілді ортақ орындардың көрінетін жеріне су құйылған ыдыс пен стақан әкеп қойыңыз.
  • Көбірек көкөніс пен жеміс жеуді қаласаңыз, онда оларды жуып, ас үйдің көзге түсетін жеріне орналастырыңыз.
  • Аз тамақ ішу үшін шағын табақ пен кішкентай қасық қолданыңыз.
  • Жиі кітап оқу үшін тынығып, дем алатын бөлмелерге кітаптарыңызды қойыңыз. Мысалы, холда бір кітап, жатын бөлмеде басқа бір кітап тұрсын.
  • Музыкалық аспаптарда көбірек ойнағыңыз келсе, оларды да өзіңіз көбірек уақыт өткізетін холл, кабинет секілді бөлмелердің көзге бірден түсетін ыңғайлы жерлеріне орналастырыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 29 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: