09:06
Тұлғалану толқындарында

ЕШКІМНІҢ АҚЫСЫН ЖЕМЕ!

Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі.

Абай

Мал-дәулетіңнің берекелі болуы кісі ақысын жемеумен тікелей қатысты. Алл елшісі бір хадисінде: «Жұмысшының ақысын маңдай тері кеппей тұрып беріңдер», - дейді. Яғни қарапайым жұмысшының айлығын асыға күтіп отырған үйінде бала-шағасы бар екенін кәсіпкер терең түсініп, үлкен жауапкершілікпен сезінуге тиіс. Сонда оның тапқаны адал, көңілі тыныш. Еңбегі дұрыс бағаланып, еңбекақсыны уақытылы алған жұмыскер жұмысын бар ықыласымен адал атқаратын болады. Дәстүрлі әнші Жәнібек Кәрменов бұл жайлы былай дейді:

«Еңбекпен еккен бәйтерек,

Күтімін тапсаң солмайды.

Қулықпен тапқан мал арам,

Өзіңе қайыр болмайды».

Рас. Қулықпен, біреудің еңбегін жеп тапқан табыстың түбі жақсылыққа апармайды. Адал табысқа ынталандырған Алла елшісі: «Бала-шағасын адал табыспен асырауға тырысып жүрген адам Алла жолындағы күрескермен тең. Ар-ұятын сақтап, адал дүние іздегендер шейіттермен деңгейлес» деген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 35 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: