21:21
Тұлғалану толқындарында

ЭМОЦИЯЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ

  • Ішкі әлемдегі тыныштық бұзылғанда жүйке сыр беріп, адам ашуға тез бой алдырады. Сондықтан ең әуелі ойыңызды реттеңіз. Мазалап жүрген мәселелерді тезірек шешіп, біржақты етуге тырысыңыз. Шал ақын құлекеұлы «Ашуланшақ келеді жарлы кісі» демекші, қарыздарыңыз болса, тезірек жабуға әрекет етіңіз. Өсіммен қарыз алудан қашыңыз.
  • Сондай-ақ ұйқыға мән беріңіз. Ұйқысы қанбаған адам ашуланғыш келеді.
  • Мүмкіндігінше, күнделікті таза ауада серуендеуді дағдыға айналдырыңыз. Тыныш ортада терең тыныс алып, деміңізді баяу шығару арқылы бойды босататын жаттығулар жасп тұрыңыз.
  • Тыныштыққа бөлейтін Құран сүрелерін, релакс әуендер тыңдауды әдетке айналдырыңыз.
  • Көңіліңізді көтеріңкі ұстаудың жолын қарастырыңыз. Киноға, театрға барыңыз. Табиғатта серуендеңіз.
  • Ән айтыңыз. Оңаша жерде қатты айқайлап, іштегі эмоцияны шығарып тұрған пайдалы.
  • Тағы бір айта кететін мәселе, тоқішегі түрлі токсинге толып қалған адам ашуға тез бой алдырады. Себебі тоқ ішек пен мидың арасында тығыз байланыс бар. Серотонин гормонының (қуаныш гормоны) шамамен 80-90%-ы осы тоқішектегі нерв клеткаларында, қалғаны мида. Тоқішек пен асқазанымызда шамамен 100000000—ға жуық нерв клеткасы бар. Сондықтан сауатты тамақтануға, ішегіңіздің микрофлорасына күтім жасауға көңіл бөліңіз.
  • Сондай-ақ қалқанша без қызметі бұзылып, гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді, жүрек соғуы жиілейді, қан қысымы көтеріліп, жүйке қозады. Нәтижесінде, адам тез ашуланады және терлегіш болады. Сондықтан дәрігерге қаралып, қалқанша без қызметінің қалыпты жұмысын назарда ұстаған жөн.
  • Күнделікті денеңізге қажет мөлшерде су ішіңіз. Денеде су жеткіліксіз адам ашуланшақ келеді. Себебі қан қоюланғанда миды қажет деңгейде қоректендіре алмағандықтан, ми осы олқылықты толтыру үшін қанның айналымын жылдамдатады. Бұл өз кезегінде қан қысымының көтерілуіне және бас ауруына себеп болады. Ашулы кезде су ішкен өте пайдалы.
  • Дененің құрысуын кетіріп, бұлшық еттің жиырылуын тарқату үшін денеңізге ауық-ауық массаж жасатып тұрыңыз. Моншаға барыңыз.
  • Қақтығысып немесе жанжалдасып қалуың мүмкін жерден аулақ жүріңіз.

Әзіреті Омарға бір кісі келіп, әй-шәй жоқ: «Ей, Омар, сен бізге неге молынан бермейсің?! Сен бізді әділдікпен басқарып отырған жоқсың», - деп шүйлігеді. Халифа Омар ашуға міне бергені сол еді, жанында отырған әл-Хур ибн Қайс: «Уа, мұсылмандардың басшысы! Алла тағала Құранда пайғамбарына «Кешірімді бол, жақсылыққа шақырып, жамандықтан тый. Надандардан жүзіңді теріс бұрып, аулақ жүр» деген. Бұл кісі сол наданнан емес пе?!» - деді. Әзіреті Омар оқылған аяттың талабына мойынсұнып, сабыр сақтады. Өйткені Омар қандай жағдай болса да ақиқатқа бірден тоқтайтын еді.

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 33 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: