21:26
Тұлғалану толқындарында

ЫМЫРАЛЫ МӘМІЛЕ

Кез келген келіссөз екі тарапқа да пайдалы болуға тиіс. Бір ғана жақтың мүддесі қорғалған келісімдер мен ортақ істердің ғұмыры ұзақ болмайды. Бір тарап қысқа мерзімде ұтқанымен, ұзақ мерзімде ұтылысқа ұшырайды. Мысалы, сізбен әріптестік орнатқан компанияның душар болған жағдайын пайдаланып, оларға тауарыңызды қымбат бағаға саттыңыз делік. Яғни ол компания сізден тауарды әдеттегіден қымбат бағаға сатып алуға мәжбүр болды. Бірақ сіздің осы әрекетіңізден кейін ол компания келісі жолы тауарды сізден сатып алудан бас тартуы әбден ықтимал. Демек, сіз бір рет қомақты пайдаға кенелгеніңізбен, ұзақ мерзімде әлеуетті әріптесіңізден айырылдыңыз.

Осы орайда, Пайғамбарымыздың мына бір хадисі – аталған тақырыпқа қағида боларлық терең мағыналы сөз. «Өзіңе тілегенді басқаға да тілемейінше, кемел иманға жете алмайсыңдар!» Иә, өзіңе қалағанды өзгеге де қалау үшін өз мүддеңді ойлаганыңдай басқаның да пайдасын көздейсің. Сондай-ақ, өзің ұнатпаған қылықты басқаға тілемейсің. Міне, бұл – кемелдіктің белгісі. Өз пайдаңды қорғау мен өзгенің мүддесіне құрмет көрсету, ол – ар-ұятқа, имандылыққа негізделген тепе-теңдіктің көрінісі. Сенім мен көркем мінездің, биік өренің жемісі. Осы ұстаным салтанат құрған кез келген қоғам бақытты ғұмыр кешпек.

Стивен кови өзінің «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» атты еңбегінде ықпалдастық арқылы жетістікке маңыздылығын айта келіп, екі жақтың да мүддесі мен пайдасы сақталған келісімді «ұттым, ұттым» қағидасымен түсіндіреді. Проблеманы екі жаққа да пайдалы шешу үшін тараптар бір-бірінің қалауын шынайы түсінуге тиіс дейді. Үлгі ретін төмендегі оқиғаны ұсынады:

- Мен шағын компанияда жұмыс істедім. Ірі банк корпорациясымен келісімшарт жасау туралы келіссөз жүріп жатқан. Корпорация келіссөзге қатысу үшін Сан-Францискодан заңгерлер, Огайодан өзінің өкілі мен құрамында екі ірі банк президенті бар, сегіз адамнан тұратын делегация жіберіпті. Біздің компания келіссөзді «Ұттым/Ұттым немесе байланыспаңыз» принципі бойынша жүргізуге шешім қабылдаған. Басшылық көбірек шығын шығарып, қызмет көрсету деңгейін жақсартпақшы болды. Бірақ әлгі қаржы корпорациясы талаптар мен сауалдарды төпелетсін келіп...

Тараптар келіссөз үстелінің басына жайғасқан сәтте компаниямыздың президенті былай деді. «Келісімшарт мәтінін өз қалауларыңызға қарай құрастырсаңыз жөн болар еді. Өйткені сіздердің қажеттіліктеріңізді толық білгіміз келеді. Әуелі сіздердің қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктерін талқылаймыз. Те содан соң баға туралы ақылдасамыз». Екінші тарап өкілдері таң-тамаша болды. Оларға келісімшарт жасау мүмкіндігі толық берлігені қатты таңғалдырды. Жұмысты орындауға үш күн қажет болды.

Сөйтіп, олар өздеріне қолайлы келісімшарт нұсқасын ұсынғанда, компаниямыздың президенті былай деді: «Әуелі біз сіздерге не керек екенін дұрыс түсіндік пе, соны тексеріп алайық». Содан кейін ол келісімшарттың әр тармағын әріптестер мүддесін қорғай отырып, мазмұндап шықты. Сонымен, қос тарап өз басымдықтарына толық көздері жеткенше келісімшарт талқыланды. «Иә, дәл солай! Жоқ, біз бұл жерде сәл басқаша ойлап едік... Иә, міне, енді дұрыс!»

Қарсы тараптың мүддесін мұқият саралаған соң, президент бізді алаңдатқан мәселені түсіндіре бастады. Олар сөзімізді бөлмей тыңдады! Өйткені тыңдауға дайын еді. Жұмыстың бас кезіндегі тым ресми, сенімсіз, жағымсыз ахуал аяқ астынан өзгеріп, синергияға қолайлы жағдай туды. Келіссөз аяқталарда корпорация өкілдері: «Біз сіздермен әріптес болғымыз келеді! Келісімшарт жасауға дайынбыз. Бағасын айтыңыздар, қол қояйық», - деді.

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 33 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: