11:39
Тұлғалану толқындарында

«УАҚЫТ ӨТТІ, КЕШ ҚАЛДЫМ» - ДЕМЕҢІЗ!

Қамалды кез келген жаста алуға болады. Жаңа карьераны кез келген жаста бастауға болады. Жаңа мамандықты кез келген жаста меңгеруге болады. Қандай да бір себеппен үйленбеген болсаңыз, кез келген жаста өзіңізге лайық отбасы құруға болады. Ол үшін сіз өзіңізге сенуіңіз керек. Себебі барлық шектеу біздің миымызда. Егерде біз миымызға «қолымнан келмейді» деен сигнал берсек, онда біздің сәтсіздікке ұшырау ықтималдығымыз арта түседі. Сондай-ақ сәтсіздік немесе қателік міндетті түрде болады. Сондықтан сәтсіздіктерден, қателік жасаудан қорықпаңыз!

Жасы ұлғайғанда жетістікке жеткен талай жандар бар. Мысалы:

  • Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық 40 жаста берілген.
  • Хакім Абай өзінің қарасөздерін 45 жасқа толған шағында, 1890 жылы жаза бастады.
  • «Табиғи философияның математикалық бастамалары» деген атақты еңбегін Исаак Ньютон 44 жасында жазған. Осы еңбек арқылы бүгінгі таңда қолданыстағы инженерлік саланың негіздері қалыптасты.
  • Ахмет Байтұрсынұлы 40 жасында (1913 ж.) «Қазақ» газетін шығаруды қолға алған.
  • Әйгілі композитор Бетховеннің дәуірлеу кезеңі – 35-45 жас аралығы. Ол осы кезеңде философиялық ойға құрылған шығармалар жазды.
  • Ыбырай Алтын сарин 46 жасында Ырғызда қыздар мектебін ашты. Бұл – қазақ халқын ағарту жолындағы ең елеулі еңбектерінің бірі.
  • Түрік азаматы Емин Жандан Құран жаттауды бала кезінен армандап, оған 67 жасында қол жеткізді.
  • Рим сенаторы Марк Катон грек тілін 80 жасында үйренген.
  • Сократ 70 жасында түрлі музыкалық аспаптарда шебер ойнауды меңгерген.
  • Неміс тарихшысы Леопольд Ранке өзінің «Әлем тарихы» еңбегін 91 жасында аяқтаған.
  • Лев Толстой 82 жасында жас жігіттерше шалғымен шөп шабатын. Ол қартайған жасына қарамастан конькиде сырғанап, велосипед те тебетін. Бір аяғымен 40 рет отырып тұратын.
  • Англияда заң кеңесшісі болып қызмет атқарған Арчи Уайт 96 жасында университет түлегі атанып, ел тарихында ең қарт студент атанды.
  • Қытайлық танымал кәсіпкер джек Ма 36 жасында алғаш рет жеке кәсібін бастаған. Қазіргі таңда ол әлемдегі ең бай адамдар қатарында.
  • Рей Крок 52 жасында McDonald’s компаниясының негізін қалап, әлемдегі ең үлкен фастфуд компаниясының франшизасын қалыптастырды.
  • Джон Стит пембертон 55 жасында Coca Cola компаниясын құрды.
  • Гарланд Сандерс KFC ресторандар желісін 62 жасында айналымға шығарды.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 40 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: