23:11
Тұлғалану толқындарында

20/80 ҚАҒИДАСЫ

Италия философы әрі экономист Вильфредо Федерико Дамас Парето (1848-1923) өзінің жекеменшік бақшасында жұмыс істеп жүріп, бұршақ дақылы жалпы өнімінің 80%-ын 20% өсімдіктен жинап алатындығын байқайды. Осыдан кейін 20/80 теориясын басқа салаларға қолданып көреді. Нәтижесі таңғаларлық. Италия жерінің 80%-ы халықтың 20%-ына ғана тиесілі екен. Содан кейін ол италиядағы барлық саладағы жалпы өндірістің 80%-ын 20% ірі компаниялар өндіретіндігіне көз жеткізеді.

Барлық салаға қатысты бұл теңгерімсіздік көрсеткіші кейіннен «Парето принципі» немесе «80/20 қағидасы» деп атала бастады. Бірақ бұл 80/20 көрсеткіші әрдайым тұрақты бола бермейді. Дегенмен бұл теңгерімсіздікті көптеген салада шамалас мөлшерде байқауға болады.

Мысалы, тұтынушылардың 20%-ы саудадағы жалпы пайданың 80%-ын әкеледі. Сауда өкілдерінің 20%-ы сату көлемінің 80-ын қамтамасыз етеді екен. Кез келген кітаптың 20% көлемі 80мазмұнын қамтиды. Оқып жүрген студенттердің кейбірі емтихан тапсырар алдында кітаптың маңызды жерлерін ғана сызып оқып, қалғанын тастап кететіндері бар. Емтихан нәтижелері де жақсы болатын көрінеді.

Бұл қағиданы өмірде қолдану үшін калькуляторды алып, кез келген істің 80/20 пайызын есептеп шығарудың қажеті жоқ. Бастысы: жүгіңізді жеңілдетіп, нәтижелі жұмыс істеудің жолдарын білу. Ендеше, оны өмірде қалай қолданған жөн? Бірнеше мысал келтірейік:

  • Әуелі атқаратын істердің ішіндегі ең маңыздысын тауып, оны орындауға ынта-жігеріңізді шоғырландырыңыз!
  •  Кез келген істі орындаудың ең қысқа, ең тиімді жолын қарастырыңыз»
  • Ең маңызды істерді ең жоғарғы деңгейде кемеліне жеткізіп жасаңыз да, қалғандарын «жақсы» деңгейде орындасаңыз жеткілікті. Немесе мүлдем айналыспаңыз!
  • Кәсібилігіңізді өзіңіз таңдаған бірнеше салада терең дамытыңыз. Барлық салада мықты болуға талпынбаңыз.
  • Үйіңіздегі артық заттарды таратып беріңіз, жарамсыз болса, қоқысқа тастаңыз.
  • Бөлмелері бос тұрған көп бөлмелі үлкен үйді сатып, өзіңізге қолайлы кішірек баспанаға көшіңіз.
  • Компанияңыздағы пайдасы аз, өнімсіз қызметкерлерді босатыңыз да, олардың айлығын нәтижелі жұмыс істейтін мамандарға бөліп беріңіз.
  • Тауарлардың ішінде көп сатылмайтын, босқа орын алып, ақшаңызды ұстап тұрған өнімдерді қысқартыңыз.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 51 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: