22:33
Тұлғалану толқындарында

КЕЗ КЕЛГЕН АРАЛЫҚ БОС УАҚЫТТЫ ПАЙДАЛАНУ ДАҒДЫСЫ

Бос уақыт пайда бола қалса, тиімді пайдалануды әдетке айналдырыңыз. Қалалық жерде күніне кем дегенде 40 минутымыз тек жолға кететіні белгілі. Бұл дегеніңіз – жылына 146000 минут, яғни 243 сағатымыз жолда өтеді деген сөз. Көлікте тұлғалық дамуыңызға үлес қосатын, білім көкжиегіңізді кеңейтетін пайдалы ақпараттарды, бағдарламаларды тыңдауға, тіпті шет тілін үйреніп алуға да болады.

Бәзбіреу Мысырда оқып жүргенде күніне арабша 30-40 жаңа сөз жаттайтын. Бірақ оларды жаттауға арнайы уақыт бөлмейтін. Университеттен қашық жерде тұратын. Оның үстіне Каир қаласында көлік кептелісі көп. Үйден шығарда арнайы кішкентай қағаздардың бір жағына арабшасын, екінші бетіне қазақшасын жазып алатын. Автобуспен оқуға барып-келерде әлгі сөздердің бәрін жаттап алуға тырысатын. Нәтижесінде, бір жарым жылдан кейін араб тіліндегі діни әдебиеттерді сөздіксіз оқитындай деңгейге жетті.

Дүкенде, емханада, ұзын-сонар кезекте тұрғанда не болмаса бір адамды, яки көлікті күтіп қалған жағдайда гаджетіңізден электронды кітап оқуды әдетке айналдырыңыз. Осындай жағдайларда оқу үшін өзіңізбен бірге кітап алып жүруге де болады. Еуропа, Жапония секілді дамыған елдерде бұл әдет қоғамдық деңгейде кеңінен қолданылатынын байқауға болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 61 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: