18:47
Тұлғалану толқындарында

«SMART» ЖОБАЛАУ ӘДІСІ

Алға қойған мақсатыңызды SMART әдісі бойынша жобалау – өте тиімді тәсіл. Аталған әдіс мақсатыңыздың жүйеленуіне, дұрыс жобалануына көмектеседі. SMART сөзінің әр әрпі жоспарлауға қажет белгілі бір мағынаны білдіреді.

1. SPECIFIC / НАҚТЫ. Кез келген мақсат жалпылама емес, айқын әрі нақты, түсінікті болуы керек. «Көп ақша табу» секілді жалпылама қойылған мақсат ешқашан жүзеге аспайды. Тек арман болып қалуы мүмкін. Мақсат нақты болғаны секілді қарапайым әрі жас бала да түсінетіндей ұғынықты болуға тиіс. Мысалы, «Павлодар, Семей қаласынан балалар аяқкиімін сататын дүкен ашу» т.с.с.

2. MEASURABLE / ӨЛШЕУЛІ. Мақсаттың өлшемі мен көлемі анық болуы қажет. Мысалы, Павлодар қаласында балалар аяқкиімін сататын үш дүкен ашу, жылдық сауда айналымының көлемін 1000000000 теңгеге дейін көтеру, инстаграм парақшасының оқырман санын бір жылда екі жүз мыңға жеткізу, т.б.

Қойылған мақсаттың нақты мөлшері, алдын-ала бекітілуі, межеге жетудің дәл өлшемі болумен қатар, оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурсты түгендеп, толыққанды жоспар жасауға адамды жігерлендіреді. Оны мына сұрақ арқылы нақтылауға болады: «Мақсатқа жетіп-жетпегенімнің өлшемі қандай?»

3. ATTAINABLE / ҚОЛЖЕТІМДІ. Қойылған мақсатқа жету шамадан тыс болмауы қажет. Ол үшін ресурс пен уақыт жеткілікті болуы шарт. Бұл жайлы Мәшһүр Жүсіп бабамыз: «Қолыңнан келмес іске әуре болсаң, еңбегің қанша қылған кетер зая», - дейді. Мақсаттың орындаларына, ең әуелі, адамның өзі сенімді болмағы шарт. Мысалы, «екі жылдың ішінде 50 нүктеден аяқ киім дүкенін ашамын» деген мақсат қойдыңыз делік. Оған қаржы, уақыт, іскерлік қабілет және білікті команда секілді ресурстар мен өмірлік тәжірибең жеткіліксіз болса, оның орындалу ықтималдығы, әрине, өте төмен. Өйткені мақсат иесі оның орындалу шарттарын қамтамасыз еткен жоқ. Ал сенім жоқ жерде тау қопарар шынайылық та, жетістік те болмайды. Ол тек қиял мен арман күйінде қалады. Мақсатқа жету мүмкіншілігіңді тексеру үшін өзіңе мына екі сұрақты қоя білген жөн. Бұрын-соңды мұндай мерзімде, осындай ресурстармен мақсатқа жеткен адам бар ма? Жеке тәжірибеде осындай істерді орындаған кезің болды ма? Егер бұл сұрақтарға беретін жауап «жоқ» болса, онда қойған мақсатыңа түзету енгізіп, қосымша уақыт, ресурс мүмкіндігін қайта қарастырғаның жөн.

4. RELEVANT / МАҢЫЗДЫ. Мақсаттың басты бағыты мен түпкі мәнін һәм оның болашақтағы пайдасын анықтап алған тиімді. Әйтеуір жасалауы керек деп пайдасы жоқ, қажетсіз істерді мақсат ретінде таңдап алып, уақыт пен күш-қуатыңды, қаражатыңды босқа шығындауға жол беруге болмайды. Көп адамның бастаған ісі аяқсыз, жасаған жұмысы нәтижесіз қалатындығының басты себебі – мақсат айқындалмауынан. Мысалы, шет тілін үйрену үшін арнайы жкурсқа жазылғандардың көбі орта жолдан тастап кетіп жатады. Оған себеп – тілді не үшін, қандай мақсатта үйрену керектігін білмеу. Яғни еліктеушілік. Сондықтан әуел баста өзіңе «алға қойған мақсатым орындалған кезде, оның қандай пайдасы болады?», «бұл мақсатымды қазір орындау маған тиімді ме? Жоқ әлде басқа уақытқа шегерген дұрыс па?», «Бұл мақсат бойынша жұмыс жасауым өзімен және жақындарыма қандай әсері болуы мүмкін?» т.с.с. сұрақтарды анықтап алған жөн.

5. TIME BOND / УАҚЫТЫ ШЕКТЕУЛІ. Мақсатқа жетудің тағы бір шарты, яғни көзделген істің аяқталатын мерзімі нақты жоспарлануға тиіс. Мысалы, 2023 жылдың наурыз айының 20-шы жұлдызында Павлодар қаласында аяқкиім дүкенінің ашылу рәсімін жасаймын дедіңіз. Мақсат қаншалық маңызды болса, оның орындалу мерзімінің нақтылануы да соншалықты өзекті. Уақыт мерзімі нақты болған тұста межең де айқындалып, өзіңді барынша қамшылайсың әрі ресурстарың мен бар қабілетіңді толық қолдануға тырысасың. Ал мақсат етілген істің мерзімдері кезең-кезеңімен белгіленбеген жағдайда, арқаңды кеңге салып, жайбарақат жүріп алуың мүмкін. Сондай-ақ мерзімнің бекітілмеуі келесі кезектегі басқа мақсаттарыңды жүзеге асыруға кедергі келтіреді. Мақсатың миыңда «қоқыс» күйінде мазалап тұра береді.

Мақсат қоюға қатысты жоғарыдағы шарттарды ескере оытырп, оны жүзеге асырудың тиянақты жоспарын жасау қажет. Егер мақсат ірі болса, бірнеше кезеңге бөліп қарастырған дұрыс. Сондай-ақ мақсатыңа қажетті ресурстарыңды түгендеп, қай жерде, қандай жолмен, қай уақытта, кіммен орындайтыныңды анықтап алуың керек.

Осы орайда, айнымас мақсат, сапалы жоспар құру үшін ең әуелі білім мен табандылық керек. Таймайтын табандылық болмаса, алдыңнан кездесер қиыншылық пен бөгеттерге шыдас бере алмайсыз. Сөйтіп, жарты жолда бастапқы мақсаттан адасып қаласыз. Шығыс халқының даналығындағы «Мақсатың қаншалықты биік болса, астыңдағы арғымағың соншалықты шабысты болады» деген тәмсілді үнемі есте сақтаған жөн.

Мақсаттарың биік болсын! Алла елшісі бір хадисінде «Алладан жұмақты сұрасаңдар, онда ең жоғарғысы «Фирдаусты» сұраңдар» деген екен. Бұл өсиет – мұсылман баласын биік мақсат қоюға үндейтін иләһи ұғым. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 66 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: