21:43
Тұлғалану толқындарында

ТАЗА АУАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Қазір екінің бірі аллергиямын дейді. 10 адамның бірінің тыныс жолында ақауы бар. Іште жатқан сәбилерге жүрек қан-тамырларының ауруы диагнозы қойылып жатыр. Осының бәріне бірден-бір себепші – лас ауа.

Адам әр минут сайын 7-8 литр оттегіні ішке жұтып, сыртқа шығарады. Ал жаттығу жасап, физикалық күш жұмсағанда оттегіні бұдан да көбірек қажет етеміз. Бірақ бойымызға қаншалықты таза ауаны сіңіріп жүргенімізді білмейміз. Өркениетті заманның басты проблемасы – ауа тазалығы, үйіміздің, көшеміздің, еліміздің мәселесі.

Жер бетіндегі адамның бәрі ауаның ластануынан зардап шегіп жатыр. Түрлі созылмалы аурулар, қатерлі ісік лас ауаның кесірінен пайда болады. Үлкен қалалардағы зауыттар мен қаптаған көліктің түтіні сияқты ауқымды мәселелерді шеше алмасақ та, үй ішінің ауасын таза ұстауды үйренуіміз керек.

Таза ауаның пайдасы:

  • Жүрек ауруларын тудырмайды. Мүмкін ауаның жүрекке қатысы қанша дейтін шығарсыз. Ластанған ауамен тыныстаған жасушалар жүрекке 100% таза оттегін жеткізе алмайды. Осыдан түрлі аурулар туындайды.
  • Таза ауа – қарттықтың емі. Қарттық лас ауа салдарынан емес, жастың ұлғаюымен келген дұрыс. Ластанған ауа ағзаны тез қартайды. Бетке әжім түсіріп, бұлшық етімізді босаңсытады. Сондықтан таза ауамен дем алуға тырысыңыз, жас қалпыңызды сақтаңыз.
  • Таза ауа денедегі қант мөлшерін қалпында ұстауға көмектеседі. Сусамыры бар адамдар үй ішіндегі ауаны таза ұстағаны жөн. Өйткені түрлі газ, химикатпен ластанған ауа қантты көтеруі мүмкін.
  • Таза ауа когнитивті денсаулықты жақсартады. Ауасы лас қалада өмір сүретіндер депрессия, стресске жиі шалдығады. Таза ауамен тыныстау көңіліңізді жайландырып, ми жұмысын жақсартады. Әсіресе сәбилердің дамуында рөлі зор.
  • Ауасы таза жерде жаттығу жасау, спортпен айналысу өнімді болады. Бұған дейін айтқанымыздай, физикалық күш жұмсаған кезде оттегіні көбірек қажет етеміз. Ағзаны жаттығу кезінде таза оттегімен қамтамасыз ету жақсы нәтижеге жеткізеді. Бұл ой еңбегіне де қатысты.

Үй ішінде ауа қалай ластанады деп ойлайтын шығарсыз. Расымен де, үйдің ауасы сырттағы ауаға қарағанда 4-5 есеге лас. Өйткені үй ішінде шаң жинайтын заттар көп. Мысалы, кереуеттің көрпесін күнде қақпаймыз, перделерді күнде жумаймыз. Ал оларда шаң міндетті түрде болады. Одан кейін тазалық үшін қолданатын химиялық қосындылар, қабырғаның бояуы да ауаны бүлдіреді. Олар түрлі химиялық элементтер бөледі. Тіпті үйдегі пластик заттардан формальдегид пен трихлорэтилен бөлінеді. Сондай-ақ бактерия мен вирустар ылғал ауада пайда болады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 66 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: