21:56
Тұлғалану толқындарында

ДОСЫҢА ОПАЛЫ БОЛ!

Жаңа дос табу деген сөз ескі достарды өміріңнен мүлдем сызып таста деген сөз емес. тек тірлігіңе кері әсер келтіретін жандардан алшақта, ара қашықтық сақта, олардың теріс ықпалына түсіп қалудан абай бол дегенді білдіреді.

Өзің өзгеріп, бойыңда жақсы дағдылар қаоыптаса бастағаннан кейін бұрынғы дос-жарандарыңның да өзгеруіне ықпал етуді ойла. Бұл сенің ескі достар алдындағы опалы борышың. Қандай жетістікке жетсең де, ескі достарыңы ұмытпа. Қазақтың «Жорға мінген жолдасына қарамайды» немесе «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас» деген мақлдары досқа опалы болуға, құлағанға тіреу болуға шақырады.

Бірақ бәрін бірден өзгертемін деу – бос әуре. Әуелі өзің жақсы ісіңмен үлгі бол! Жақсы жаққа бет бұруға достарың арасындағы бейімдісін таңдап, өзгеруіне көмектес, қол ұшын бер. Жаңа достарыңмен таныстыр. Оқыған кітаптарыңды сыйға тарт. Пайдалы курстардың есігін көрсет. Олар сенің өзгергеніңді көріп, оған куә болған жағдайда, өздері-ақ саған ұқсауға тырысады. Адам миында айна нейрондарының бары белгілі. Бұл нейрон арқылы адам көргенін қайталауға бейсаналы түрде әрекет етеді.

Мінсіз дос іздеме. Әр адамның өзіне тән әлсіз тұстары, қате әрекеттері болады. Бастысы: жақсы жақтары көп, ізгі ойлы, кемелденуге ниетті адамдарды кездестірсең, ондай жандармен дос болудан, жақын араласудан қашпа! Қатесіз дос іздеген адам түбінде доссыз қалатынын ұмытпа!

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 69 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: