08:10
Тұлғалану толқындарында

БАЙСАЛДЫ БОЛ!

Байсалдылық мінезге бай болудан шығады. Эмоцияның ықпалына ұрынбай, жеткен ақпарат пен тап болған жағдайды әбден елеп-екшеп, жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізіп барып әрекет еткен байсалдылыққа жатады.

Адамның миын зерттеуші мамандар мидағы эмоция мен рационалды интеллектіге жауап беретін нейрон жүйелері бір-бірінен бөлек болғанымен, өзара тығыз байланысты екендігін дәлелдеуде. Алла тағала адамды қауіп-қатерден сақтандыру үшін оған қорқыныш, ашу секілді сезімдер беріп, сақтану қабілетін оятқан. Қауіп-қатер туындаған жағдайда мидың эмоцияға жауап беретін орталығы қалған бөлігін, тіпті рационалды ойлау орталығын да басқарып, әрекетке көшеді екен.

Төтенше жағдайдағы ақпарат ең әуелі адамның эмоцияға жауап беретін көмкерме миына (лимбический мозг) түскеннен кейін ғана рационалды ойлау орталығына тарайды. Демек, префронталды ми эмоциялық импульстерді бақылау мүмкіншілігіне ие болғанымен, сол сәтте эмоция ықпалы ақылға қарағанда анағұрлым күштірекжағдайға көшеді. Мұндайда бірден реакциялық әрекетке бармай, эмоциялық импульстер ықпалының тарқағанын күтіп, ақпаратты объективті түрде сараптап болғаннан кейін, оқиғаға қатысты ең дұрыс шешім шығару – байсалдылық. Қазақтың «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейтіні осы. Құранда ең көп айтылатын қасиеттің бірі – сабыр және байсалды болудың маңыздылығы.

Алла елшісі (с.а.у.) бір хадисінде нағыз сабыр алғашқы соққы жасалған сәтте сабыр сақтау екендігін ескертеді. Алғашқы соққы дегеніміз – адамның басына түскен қиын жағдайдың әуелгі сәті. Сондай-ақ оны эмоциялық импульстің алғашқы әсері деп те түсінуге болады.

Жұмыстағы басшыңыз сізге дауыс көтеріп, орынсыз ұрыса бастады. Мұндай жағдайда не істейсіз?

  1. Басшыңызды үнсіз тыңдайсыз, іштей ренжисіз.
  2. Басшыңызға қарсы шығып, сіз де дауыс көтеріп айқайлайсыз.
  3. Сабыр етесіз. Басшыңыздың ашуы тарқағанын күтесіз. Ыңғайлы уақытта барып, дұрыс сөздермен қателіктің қай жерден кеткендігін түсіндіріп, кінәлі емес екендігіңізді жеткізесіз.

Әрине, эмоциялық зердесі дамыған байсалды жан үшінші нұсқа бойынша әрекет етеді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 73 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: