11:34
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЕР-СУЛАРДЫҢ, ЕЛ-ЖҰРТ пен ЕЛДІМЕКЕНДЕРДІҢ ЕЖЕЛГІ АТАУЛАРЫН БІЛІП ЖҮРГЕННІҢ ДЕ АРТЫҚТЫҒЫ БОЛМАС

Жапония – жапонша «Таң шапағы елі», аталуы: «Күншығыс елі»

Заир – Конго

Зәңгі – негр

Итжеккен – Сібір

Иассы, Қамысқала, Перовск, Ақмешіт – Қызылорда қаласы

Йаңы, Талас, Тараз, Әулие Ата, Мирзоян, Жамбыл – Тараз қаласы

Иерушалаим, Әл-Кудс – Иерусалим қаласы

Иеддо, Эдо – токио қаласы

Караклис, Кировокан – Ванадзор қаласы

Кінған – Палестина

Күлзім дариясы – Қызыл теңіз

Кәріс – Корей халқы

Кәпір – Дінсіздер

Көкшетеңіз – Балқаш көлі

Константинополь – Стамбул

Кампучия – Камбоджа

Каменское – Днепродзержинск қаласы

Кенигсберг – Калининград қаласы

Кумайри, Александрополь, Лениникан – Гюмри қаласы

Кетік, Форт-александровск – Форт-Шевченко қаласы

Қараөткел, Ақмола, Целиноград – Астана қаласы

Қап тауы (Қойқап) – Кавказ тауы

Қарамөрен – Амур өзені

Құддыс – Иерусалим

Қызылбас – Ирандық

Қарашекпен – Орыс мұжығы

Қозыбасы – XV ғ. Жамбыл облысы, қазақ ордасы тігілген жер

Қорған – Курган қаласы

Қызылжар – Петропавл қаласы

Қытай кохинхинки, аннам, Тонкин – Вьетнам

Қытай елінің жалпы атауы «Аспан асты елі»

Қазақстан – ол «Ұлы Дала елі»

Лабас, Шымбас, Талас, Шуас, Арқас – Бес Алатау

Манги – Қытайдың оңтүстігі және жалпы Қытай елінің атауы

Мысыр – Египет, Каир шаһары

Месопотамия – ирак

Машын – Үндістан

Молдавия – Молдова

Мағүріп – Шығыс жақ – Тунис, Алжир, Марокко, Мавритания, Ливия, Батыс Сахара аймағы

Мәскеу – Москва қаласы

Мажар – Венгрия

Мадияр – Венгрия халқы

Мырзашөл – Гүлстан қаласы

Микоян-Шахар, Клухори – Карачаевск қаласы  

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 9 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: