09:30
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Лашын – өткір ілмекті көк тұмсық, сырты қара көк, бауыры сұр шұбар, аяғы көк, көзінің алды қос қара жолақты, үшкір құрыштай нығыз, найзағай қанатты, бұлшық етті, ұзын саусақты, өте сүйкімді, өткір, өте өжет құс. Асылдығы – жерде отырған құсты еш алмайды. Қанатының зуылы, құстарды ес-ақылынан, жотадан соғып құлатады. Айқай шығып, дабыл қағылса, тіпті еліріп кетеді.

* * *

Үлкен ағаштардың басына ұя салатын жануардың бірі – қара аю мен нағыз құрылысшыға тән қасиетке ие – шимпанзе.

* * *

Тау қояндары шөптен ұя салса, үштікенді кішкентай балық су астына шөптен ұя салады.

* * *

Шыбындардың төбеде, тіпті сырғанақ айнаның бетінде емін-еркін жүре беруінің себебі: аяқтарындағы түк қаптаған жастықшаларынан желімге ұқсас сұйықтық бөліп, қадам жасаған сайын сұйықтық жаңарып төбеден құлап қалмайды.

* * *

Мұхиттардың тереңінде жүретін, ұйықтар алдында денесін қоршап тұрарлық шырыш бөліп, соған оранып ұйықтайтын, оянған соң ол шырыш киімін шешіп тастайтын – тоты-балық теңіз маржандарынан ұя салып, уылдырығын құс сияқты жинап, ұрпағының жетілуіне қарамай ұясын тастап кете береді екен.

* * *

Балықтар көздерін жұмбай ұйықтай береді. Азығын күндіз аулай беретіндері түнде ұйқыға кетіп, түнде жорыққа шығатындары күндіз көз шырымын алса, тунец деген балық жүзе жүріп ұйықтай беретін екен.

* * *

Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарында кездесетін семсер-балық сағатына 130 км жылдамдықпен жүзіп, қалыңдығы 2 см кеменің қаптауын тесіп кетер қабілетке ие.

* * *

Тынық мұхитында тіршілік ететін эулахон балығының тұрқы 23 см-ден аспайды. Бірақ тұла бойы майға толы. Кептірсе, білте өткізіп бөлмеге жарық беруге болады. Оны талехт «шырақ-балық» деп те атайды. Ол баяу жүзгендіктен қолмен де ұстап алады.

* * *

Инелік – жыртқыш. Жыртқыштығы сол – өрмекшіні, масаны, кез келген шыбын-шіркейді аулағанда еш қалт кетпейді.

* * *

Кептірген соң жақсы жанатын майлы балық – англиялық сэйблфиш балығы. Оның бір атауы «көмір-балық» екен.

* * *

Шағыл мысығы Маңғыстау мен Қызылқұмда өмір сүреді. Арқасы мен бүйірі құм түстес сарғыш. Құйрық ұшы қарақоңыр. Саны аз.

* * *

Құланның жылқыларға қарағандағы бір ерекшелігі – болатын қарлы боранды 10-12 сағат бұрын болжап, ықтасындар табады.

* * *

Бүркіт – ең ірі әрі күшті құс. Салалы саусақтары қарулы. 100 жылға дейін өмір сүре алады. Салмағы 6-7 килограмға жетеді. Қазақтар киелі, қасиетті құс санаған. Балапанынан қолға үйретеді. Қасқыр, қоян, түлкі аулауға пайдаланады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

* * *

Оң көзімен солға, сол көзімен оңға қарай алатын жалғыз тіршілік иесі бар, ол – құбылғы (хамелеон). Оның екі көзі әр бағытқа қарайды.

* * *

 Борсық – інде тұрып, тек түнде жортатын аң. Дәретханасын бөлек жасап, індерін таза ұстайды. Иістері арқылы таниды. Суық түсе қысқы ұйқыға кетеді. Дәруменге бай болғандықтан майы пайдаланады.

* * *

Тұмсығынан азық түспейтін қомағай құс – сарнауық торғай. Ол бар уақытын азық іздеумен өткізіп, мұз қатқан жидектерді жегендіктен талып қалып, біршама уақыттан соң жеген азығы дене жылуына жеткенде ғана бастапқы қалпына келіп, қайта үйренген ісіне кірісіп кетеді екен.

* * *

Суыр – өте сақ, көздері өткір аң. Жайылымда қарауылдап тұрып өмір сүреді. Олар індерін үш бөлік етіп қазады. Бірі – қыста ұйықтар бөлік, екіншісі – төсеніш шөп жинайтын бөлік, сонан соң дәретхана.

* * *

14 сәуір күнін – дүниедегі құрт-құмырсқаның, жануар-жәндіктің бәрінің тегіс ұясы, іні-үңгірі ашылатын күні деп есептеген.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 14 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: