20:21
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Орталық Африкадағы Чад көлінің маңын ең әдемі жануар – су бөкені (ситатунга) мекендейді. Тұяқты бұл жануар айдынның айналасындағы шөптермен қатар таяз жерлердегі балықтарды ұстап та қоректенетін көрінеді.

* * *

Қырғауылдың елде ең көп тарағаны – кавказ, парсы, тәжік, қиуа, маньжур, жапон, гималай түрлері. Олар күніне 70-100 грамм жем жеп, үш айда өсіп жетіледі. Бір жылда 25 жұмыртқа басады.

* * *

Көкек өзі ұя салып, балапанын басып шығармай, бөьен ұяға туып тастап кете береді.

* * *

Бәрімізге таныс, балалар жайдақ мініп көкпар шабатын кәдімгі есектің қырсықтығы бір басына жетіп артылады. Атқа мініп, есекті жетекке алып көрдің бе? жетекке жүрмей тұрып алады. Ал есекке мініп, жылқыны жетекке алсаң, ол тартынбай жүре береді. Суды кешіп өткенде, кесапаттығы сонша – дәретін сындырмай өтпейді. Бір жақсысы: жем-шөп талғамайды. Бар малдан қалған кәшекті жей беретіндіктен қоңын жоғалтпайды.

* * *

Қойдың аяқтары әлсіз келеді. Тіпті өз салмағын әзер алып жүреді десе де болады. Сол қой арқасын беріп құлаған болса, өзінше тұра алмай шаршап, үйелеп өліп те қалуы мүмкін. Оның себебі: арқасындағы тұтасқан жүн массасын жер тартып жібермейді.

* * *

Әлемдегі ең ірі бақа саналатын Голиаф бақасының салмағы 3 килограмм да, бойы 25 сантиметрге жетеді.

* * *

Жауын құрты жерді «жеп», жегенін артқы бөлігінен шығаратындықтан, соңынан қуыс туннель қалдырып отырады.

* * *

Тарақандар тоғыз күнге дейін бассыз бос сандалып, өмір сүре береді. Тамақ жей алмағандықтан ғана аштан өледі.

* * *

Медуза – мәңгілік өмір иесі. Олар үнемі жасарып, өздеріне мәңгі өлмейтін тіршілік жасайды екен.

* * *

Каспийде өмір сүретін медузаларды «мнемиопсис» деп атайды. Олардың миы, жүрегі, тіпті сүйегі де жоқ. Бірақ жүйке жүйесі өте жақсы дамыған. Өздерінің көлемі бір сантиметрдей ғана, түсі мөлдір, қарынша секілді – Жер жаралған кезден бері тіршілік етіп келе жатқан ең кәрі жыртқыш жәндік. Денесінен жиырма есе үлкен жәндікті жеп қоя алады. Жыртқыш балықтардың өзі де оның маңына жолай алмайды екен. Күндіз де, түнде де ақшыл-сарғыш түске еніп жарық шығарады. Қоректері – ұсақ балық пен шабақ, уылдырықтар, ұлулар. Мнемиопсистер алғаш рет Атлант мұхитында кедессе, кейін Қара теңіздің кішкентай тіршілік иелерін қырып жіберген екен.

* * *

Зымыран құсының пышақтай тұмсығы биіктіктен суға сүңгуіне жағдай туғызады. Ол сүңгігенде су бетінде ешбір толқын сезілмейді.

* * *

Тұрқы кіші қабылан – ең жүйрік аң. Салмағы бар-жоғы 45-60 кг. Аяғы ұзын. 650 метр жерді 20 секундта, яғни сағатына 120 км жылдамдықпен жүгіре алады. 4,5 метр биіктіктен еркін секіреді. Қазіргі уақытта табиғаттағы қабыландар саны 12400 шамасында.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 22 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: