09:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Басы бақаға ұқсас, денесі майшабақтай, қанат орнында саусақты аяқтары бар, өң денесі теңгесіз, жылпылдаған жылтыр, тұрқы 10-20 см-дей, өңі – қарақошқыл, бауыры – ақшыл-сұр жәндік – бақатіс (лягушкозуб) деп аталады. Олар тау өзендерін мекендеп, тамақты түнде іздейді. Уылдырық шашу арқылы көбейеді.

* * *

Макропод балығының аталығы уылдырық шашу маусымында ауа жұтып, оны сілекейлеп, біріктіріп, көпіршіктерден құрылған жүзіп жүретін ұяға айналдырады. Ұяның диаметрі 3-10 см шамасында болғанда ғана аналық балықты дайын ұяға алып келеді екен.

* * *

Үй аквариумындағы балықтар нағыз «барометр» деуге тұрарлық. Себебі далада ауа райы құбылып тұрған жағдайда балықтар жем жеуде белсенділік танытып, қуыс-қуыстан жем іздей бастаса, күн райы қалыпқа келетінін күтуге болады.

* * *

Жақсы күн райы бола тұрып, аквариумдегі балық берген жемге қарамай, ал суаттағы балықтар тастаған жемді қаппаса, күн райының өзгеретінінің нышаны. Кешке қарай балықтар суда шалпылдата ойнап, су бетіне қарай шоршыса, алдағы күн райының жақсарарының нышаны.

* * *

Түз мысығы – сабаншы (манул), мысықтан әлдеқайда ірі, жақ жүндері үрпиген, басы дәу, денесі жуан болып келеді. Жер бауырлап, көрібнестен, бұтақтар мен шөптесіндерді тасалап алып, түнгі жорықтарда жемін тауып жейді. Кеміргіштермен қоректенеді. Сонымен қатар, ауру-сырқау, әлсіз аңдар мен өлекселерді жеу арқылы табиғи сауықтырушы міндетін атқарады.

* * *

Қуыс-қуысты мекендеп, ұя салатын шыбын-шіркей тектес шырылдауық атанған цикада деген жәндік сыбызғыдай сызылтып қосылып ән салғанда ғажайып концерт тыңдағандай әсерде боласың. Бірақ сол музыкант жәндік жарық дүниеде бір күн ғана өмір сүреді. Туылады да сол күні өледі. Өмірге де, өлімге де өзінің әсерлі әсем әнімен жауап беріп, ұрпағына да ән салуды тапсырып кетеді.

* * *

Теңіз жұлдызы – көмірқышқыл газын жойып, оттегі бөлетін омыртқасыз жануар. Ол балық тобына жатпайды. Оның 2 мыңға жуық түрі бар. Олардың денесі екі бөліктен тұрады, ми болмайды. Ортасындағы дөңгелекте бес сәулелі қолдар орналасқан. Әрбірінің ұшында көздері бар. Бұл сәулелі қолдардың бірі жыртқышқа ұсталса, қолын тастап, құтылып, кейін орнына жаңасы өсіп шыға береді екен.

* * *

Теңіз жұлдызшалардың екі қарны бар. Оның бірі өңін сыртқа айналдырып, моллюсканы жейді. Жеп болған соң, сыртқы қарыннан жемтік екінші ішкі қарынға түсіп, өңделгеннен кейін денеге сіңеді. Оларда қан болмайды. Қан қызметін теңіз суы атқарады. Су арқылы денесіне ауа мен минералдар алады. 30 жыл өмір сүреді.

* * *

Ақбөкенді киік деп те атайды. Олардың кеңсірігі кең, дөңес болып келеді. Дем алу кедергісі жоқ болғандықтан да, олар сағатына 80 километр жылдамдықпен жүгіре алады.

* * *

Ақбөкендер жылына бір рет төлдейді. Көбі егізден, кейбіреуі үш лақтан да туады. Олардың бір ерекшелігі – туа салып лақтарын емізген соң, сырт көз, әсіресе жыртқыштардың көңілін өзі жүрген жаққа аудару үшін, төлдерінің қасынан кетіп, оларды сыртан бақылап жүреді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: