22:17
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Бойы 25-37 миллиметр, жылтырап тұратын қара сасық қоңыз – көңкей. Ол көң арасынан домалақ жасап, оған өз жұмыртқаларын салады. Ежелгі Мысырда олар бақыт әкеледі деп сеніп, оны киелі санаған.

* * *

Денесі шағын жарық қоңыздар соңғы ұсақ буынтығынан жарық сәуле таратады. Ғалымдар сол негізде қоңыз тарататын сәуледен 55 есе жарық беретін жаңа жарықдиод жасап шығарған.

* * *

Жәндіктердің дене тұрқы 2 см-дің айналасында болса, Амазонка жағалауындағы тропикте тіршілік ететін көлемі адамның алақанындай, «алып отын кескіш» аталып кеткен ең үлкен жәндік өмір сүреді.

* * *

Мали жеріндегі тастың арасында орналасқан Бамба ауылының жан-жағын ерте кезде жасыл орманды, мөлдір сулы көлдер қоршап жатқан екен. Уақыт өте ауа райы күт өзгеріп, құрғақшылықтан бір ғана балықты көл қалған. Бірақ ондағы балықты аулауға тыйым салынған. Тек бір күн – Антого мерекесі күні, ерлер жағалауға жиналып, бір уақытта суға түсіп, жалаң қолмен 15 минут ішінде ұстаған балығын ортаға салып, теңдей бөлісіп алады екен.

* * *

Кермод аюы екі аяқтап тұрып, отыра да алады. Өте ақылды, зерек, қызыққұмар, әрбір жағдайға тез бейімделгіш жануар. Ағаш бұтақтарына өрмелеп, жеміс-жиектерді теріп жей алады.

* * *

Ақ түсті поляр аюына қатысы жоқ Канададағы кермод аюының жүні ақ, кейбірі ақшыл сары. Денесінің ұзындығы 250-270 см, салмағы – 200 кг шамасында. Жалпы саны 1000-ға жуық.

* * *

Дүниеде ақ түсті аңдар да бар. Мысалы, Оңтүстік Африкада ақ түсті арыстандар болса, ақ жолбарыстың барлық саны – 130 екен. Оның жүзге жуығы Үндістанды мекен ететін көрінеді.

* * *

Итбалықтың төлі дақсыз, түссіз, ақүрпек болып туып, үш апта бойы мұзда жатады. Туғанда түссіз терісінде май қабаты болмай, үш апта термос қызметін атқарып, күн сәулесінен жылынады. Үш аптадан соң теріге май бітіп, түлеп, күңгірттенген кейін ғана суға түседі екен.

* * *

Дәуіт – басын иығы арқылы артына толық бұрып, ұшып келе жатқан шыбын-шіркейді ұстай алатын бірден-бір жәндік.

* * *

Керіктер (жирафтар) суда жүзе алмайды.

* * *

Керіктердің тілдері 35 сантиметрге дейін жетеді.

* * *

Терең суда тіршілік ететін мұртты треска, жыланбалық сияқтылар жер сілкінісін алдын ала біліп, жағаға шығып қайырлап қалып жатады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 22 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: