10:07
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Ұзындығы құйрығымен 1,5 метрдей түсі ашық сұр, өн бойы қара жолақтармен белдеуленген ең ірі, сұсты кесіртке – кесел (серый варан). Халықтық атауы – бат-бат. Айбан шеккенде тамақ асты ісініп, қалталанып, қызылқошқыл түске еніп, құйрығымен қатты соққы береді. Бел үзер күшті. Қорегі – жылан, тасбақа, тышқан, ешкіемер кесірткелер мен түрлі жәндіктер. Құм арасына 20-ға дейін жұмыртқа салып дамиды.

* * *

Келестердің ұзын тілі көздің қызметін қоса атқарады. Олар тілі арқылы олжасының түрін, оның қайда тұрғанын, оған жетуге кететін уақытты да дәл болжай алады.

* * *

Түсін өзгерткіш кесіртке – хамелеонның тілі өзінен екі есе ұзын екен. Көздерінің құрылысы да ерекше, әрқайсысы өзінше қимыл жасап, әртүрлі бағытқа қарай алады. Тек олжасы көзе түскенде ғана, бір нүктеге шоғырланып қадала қарайды.

* * *

Қасқыр – өте ақылды жыртқыш. Оның есту қабілеті ерекше жетілген. Қаншығы жылына 5-6-дан, кейде 10-ға дейін күшіктейді.

* * *

Өмірде қара қасқыр да бар. Олар Солтүстік Америка, Аляска, Сібір далаларында кездеседі. Оларды «канадалық қасқыр» деп атайды. Бұл «канадалық қасқырдың» қарапайым сұр қасқырға қарағанда құйрығы ұзын, жүні қалың келеді екен.

* * *

Түр жағынан аздап кәдімгі қасқырға да, түлкіге де, шибөріге де ұқсайтын қызыл қасқыр өздері ін қазбастан, үңгірлер мен аңдардың тастап кеткен індерін паналайды. Ол еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар негізінен етпен қоректенеді.

* * *

Кәдімгі иттің шынтағы бар.

* * *

Африкада тарғыл қорқаулар үйір боп өмір сүреді. Табынды арланы емес, ірі тұлғалы ұрғашысы басқарады.

* * *

Жойылып кеткен қалталы қасқырды тлиацину деп атаған. Қойға келтірген зияны үшін ағылшындар оны құртып тынған.

* * *

Қиыр Шығыстағы теңбіл бұғының үстіндегі ағарған теңбіл дақтары, жауларынан қорғануға берген табиғат сыйы. Ашық күндері бұғының ақ дақтарына түскен күн сәулесі бейне бір күнге шағылысқан шықтай жарқырап, қимылсыз тұрған бұғы, айналасына білінбей тұра береді. Орманда теңбіл таңбалар шағылысып, бұғыны білдіре бермейді.

* * *

Бұғылардың құйрық жағындағы ақ теңбіл дақ, бірге жүрген басқа бұғылар үшін, тобымен жосыла қашқанда бағдар болып табылады. Тал-дарақтардың арасынан бұғының өзі көрінбегенмен, құйрық тұсындағы жалтыл атқан ақ теңбілді нысанаға алып, артындағылар да жосыла береді. Бұндай әрекеттер арқасында олар жауларынан да құтылады.

* * *

Ақ бұғының отаны – Үндістан. Бірақ індеттен қырылған соң, Чехияға ауыстырған. Яаслав қаласы маңында оның тұқымы сақталған.

* * *

Шығыс Сібірде аз да болса ақ түсті үзбара (ірі марал) кездеседі.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 21 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: