11:03
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

«Геркулес» көбелегінің қанаттары 27 см болса, «Атлас» көбелегінікі – 26 см шамасында. «Геркулес» Австралия мен Жаңа Гвинея аралдарында кзедеседі. Оның етін онда тамаққа пайдаланады. Ал тауыскөзді «Атластың» мекені – Азияның оңтүстік-шығысы. Үндістанда жоғары сапалы жібек дайындау үшін арнайы өсіреді.

Қоңыр қызыл, қызғылтты әсем қанаттарын жайғанда 25 см-ге жететін, дүние жүзіндегі ірі көбелектердің бірі – атласты жібекқұрты.

* * *

Жайған кезде қанаттары 25 см-ге жететін желкенді «Антимах» күндізгі көбелегі – Африка құрлығында сирек болса да кездеседі. Сырт көзге әдемі көрінгенімен өте улы екен.

* * *

«Александра патшайымының құсқанаты» аталған күндіз ұшатын құлашы 28 см-ге жететін «Қызыл кітапқа» енген көбелек, Жаңа Гвинея – Папуа жеріндегі ылғалды ормандарда ғана тіршілік етеді.

* * *

Қанаттарын жазғандағы ұзындығы 18 см болғанмен, жоғарыдан төмен қарай өлшегенде дүниедегі ең ұзын – Мадагаскардың құйрықты жұлдызы атанған ең қызық, көңілді көбелек саналады.

* * *

Алуан түрлі көбелектерді махаббатқа беріктіктің белгісі ретінде Үндістанда ғашықтар бір-біріне сыйлап, еуропалықтар көбелектердің ұшып жүргеніне сүйсіне қарайтын болса, Қытайда, Оңтүстік Америкада және Мексикада оны пісіріп те, қуырып та жеп жатады екен.

* * *

Түрлі түсті көбелектерден бірін-бірі қайталамайтын керемет эстетиканы, нәзіктікті, қанаттарындағы небір әсем қиялға келмейтін ою-өрнектерді көріп, ондағы жан-жағы теңдей болып келетін симметриялы реңдерге таңдай қағарлық үйлесімділік сыйына таңданбау мүмкін емес.

* * *

Көбелектердің өзіндік ерекшеліктері – не нәрсенің де дәмін аяқтарымен ғана сезуі. Олар гүлдердің хош иісін мұрындарымен емес, қанаттарының көмегі арқылы ондаған шақырымнан сезе алады.

* * *

Ешкі сүті – ең пайдалы сүт. Сиыр сүтімен салыстырғанда, майлылығы екі есе жоғары. Ол тез сіңірілетін болғандықтан емшек жасындағы балаларға, сиыр сүті жақпайтын мүгедектерге беріледі.

* * *

Ағылшынның биолог ғалымдары ешкілердің үй жануарлары ішіндегі ең ақылдыларының бірі екеніне көз жеткізіпті. Тіпті олардың қабілеттері иттер мен жылқылардан ешбір төмен емес деген тұжырымға келген. Ешкілер адамдардың түрлі әрекеттеріне жауап қайтарып, көңіл-күйіне қарай өз әрекеттерін өзгертіп, қиын жағдай туындағанда көмекке де келе алатындығын дәлелдепті.

* * *

Денесі тышқанның денесімен шамалас болып келетін үлкен шегіртке Жаңа Зеландияны мекендейді.

* * *

Тышқандар құспайды екен.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 26 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: