09:06
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Құстардың дене қызуы басқаларға қарағанда жоғары. Мысалы, күрке тауық, қаз, үйрек, жапалақ, бірқазан мен қаршығалардың дене қызуы – 40-41 градус болса, тауық, кептер және бірнеше кішкентай құстардың қызуы – 42-43 градус болады.

* * *

Әр жануардың дене қызуы, яғни температурасы да әртүрлі. Пілдің, есектің, қашардың, маймылдың, тышқан мен жарқанаттың дене қызуы – 35-38 градус аралығында болса, мүйізді ірі қара малдың, қойдың, иттің, мысықтың, қоянның және шошқаның дене қызуы – 37-39 радус арасы.

* * *

Барша құс біткеннің тұмсықтарының жоғарғы жағында болатын тесік, тек үкіде ғана жоқ көрінеді.

* * *

Барлық құс туғаннан шырылдай алады. Бірақ өз тілдеріне тән әндерді тек келесі жылдың көктемінде, 300 күн толғанда ғана толық меңгереді екен.

Жұмыртқадан жаңа жарып шыққан сары ауыз үйрек балапандарының өзі, санаулы сағат өтпей-ақ, қауіп-қатерді сезген мезетте, үлпілдек шариктей болып, домалана суға түседі де, өз тобынан бір қадам қалмай жүзіп отырады.

* * *

«Терілі тасбақа» деп аталатын тасбақаның сауытының ұзындығы екі жарым метрге жетіп, салмағы 900 келі тартады.

* * *

Тасбақаның қозғалысы температураға тәуелді. Төмен температурада өте баяу қозғалады.

* * *

Тасбақаларды жауларынан қорғайтын арқасындағы сауытын карапакс, ал бауыр сауытын пластрон деп атайды. Сауытының мықтылығы сонша – тасбақаның өз салмағынан 200 есе ауыр жүкке төтеп бере алады.

* * *

Тасқалардың көру, иіс сезу мүшелері жақсы дамығанымен, нашар естиді. Жақтарында тіс болмайды. Тек иегінде тұмсық тәрізді мүйізді қабыршақтары болады.

* * *

Тасбақа жұмыртқасын көзімен басып, ашып шығарады.

* * *

Әлемде тасбақаның 328 түрі өмір сүреді.

* * *

Денесінің ұзындығы 11 сантиметр, салмағы 124 грамнан аспайтын ең кішкентай тасбақаны да «карапакс» деп атайды.

* * *

Қарақұс пен бүркіттің буданы – шажа. Шажаның текті қырандығы да, қарағыштығы да бірдей. Құмға қонып, тышқан мен жыланды да аулайды, көктен барлап, түлкі-қарсақ, қасқырға да түседі.

* * *

Қанаттарын жайса 30 см-ге дейін жететін ең үлкен түкті келген Агриппин танзаниясы көбелегі Бразилия мен Перу жерінде ғана бар.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 43 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: