23:03
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Қыс түсер алдында жылы жақтарға қоныс аудару және қайту кезінде хайуанаттардың көпшілігі әрі-бері жүрісте 600 мың шақырым қашықтықты еңсереді екен. Ал кішкентай жарқанаттың өзі 1500 шақырымдай жерге ұшып барып қайтатын көрінеді. Жол-жөнекей көпір астына, үңгірлеу келген жерлерге, ағаш қуыстарына кіріп, тынығып алған соң, қайта ұшуын жалғастырады екен.

* * *

 

«Теңіз қасқыры» атанған акулада сүйек деген болмайды. Ұзындығы 20 сантиметрден 20 метрге дейін жететін акулалардың бар денесі шеміршектерден тұрады. Оларда балықтар сияқты торсылдақ пен желбезек қақпақшалары жоқ. Бес-алты жұп желбезек саңлаулары ғана бар.

* * *

Теңізде жүзіп жүрген акула қарнымен теріс айналып қалатын болса, есінен танып, өліп те кетуі мүмкін екен. Олар өн бойы қозғалыста болмаса, суға батып кетеді.

* * *

Акуланың терісі «теріс тістері» аталатын сан мыңдаған қабыршықтардан тұрады. Бұл тістерден тұратын жабын жүзу кезінде иірім қалыптасуын болдырмастан, акуланың тез жүзуіне көмектеседі. Жүзгіштердің жүзу костюмдері осыған негізделген.

* * *

Акулалар тістерін жиі ауыстырады. Жаңа тісі 10 күнде-ақ өседі.

* * *

Қысқы ұйқыға кеткен саршұнақты інінен суырып алып, қанша сілікпелегеніңмен оята алмайсың. Оның ұйқысы сондай қатты.

* * *

Тірі жандардың ішінде итте ғана адамға тән қарапайымдылық қасиет бар екен.

* * *

Иттердің түп аталары үйірімен өмір сүріп, бір басшыға бағынған.сондықтан болар, ит иесінің берген бұйрығын бұлжытпай орындайды.

* * *

Бүйі екі жылға, кенелер он жылға дейін қорексіз өмір сүре алады.

* * *

Шегірткелердің қаны ақ түсті болады.

* * *

Сауысқан – өте айлалы, сақ құс. Сақылдаған сары аязда жемі қатса да, өткір, қарулы тұмсығымен шұқып жей алады. Бір ерекшелігі – өзіне бірнеше ұя салып алуы және жылтыр әшекейлі заттарға әуестігі. Сауысқанның ұясынан түсті тастарды, күміс тиындар мен алтын заттарды кездестіресің. Оның адамның сөзін қайталап айта алатын да қабілеті бар.

* * *

Бөктергі аспанда ұшып жүріп, жердегі сұр тышқанның жүргенін көріп, оқтай зымырап шүйілетіні белгілі.

* * *

Жердегі жануарлардың ішіндегі ең жүрегі үлкені де, қан қысымы жоғары аң да – керік. Бойы бес жарым метрден асса, салмағы бір тоннадай. Сағатына 55 шақырымды еркін жүгіре алады.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 37 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: