22:39
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Панда – сүт қоректі жануар. Оның тұрқының ұзындығы 1,2 – 1,5 метр бола тұра, салмағы 160 кг-ға дейін жетеді. Тек бамбукпен ғана қоректенеді. Дамылсыз он сағат бойы үлкені күніне 30 килограммдай бамбук бұтақтарын жейді. Алдыңғы аяғының бір үлкен, бес кішкене саусағының арқасында, ағашқа емін-еркін өрмелей алады. Екі жылда бір рет балалап, өмірге тек екі ғана қонжық келеді екен.

* * *

Жылы жақтарға қайтарда құстар ұйымшылдықпен топ құрып бірігіп ұшады. Тырналар үшбұрыш немесе қиғаш қатар-созыңқы доға түзе ұшады. Бұлардың шолғыншылары қашанда сақадай сай тұрады. Қауіп сезілсе, күзет дабыл көтереді.

* * *

Құстар күнге, жұлдыздарға, тіпті айға да қарап жақсы бағдарлай алады. Құстардың бұл қабілеті әлдеқайда жетілдірілген. Олар жердің магнит өрісін тіркеп, ауаның ылғалдылығын, ай фазаларының өзгеруін және жұлдыздардың орнын да дәл анықтай алады. Ортадан тепкіш күштерді сезетін органдары арқасында, ұзақ ұшу кезінде, қай ендікке аялдама жасау керектігін анықтап біле алады.

* * *

Құтан, дегелк, қара торғай, сары шымшық бір аяғымен түрегеліп тұрып, ал шымшық бұтақшаға екі аяғымен тұрып ұйықтайды екен.

* * *

Рсомаха (құну) – сусар тұқымдас қомағай жыртқыш аң. Жүні қылшықты, ұзын, қоңыр-сұр түсті. Құйрық жүні үлпілдек. Салмағы 12-19 кг. Иіс сезу және көру мүмкіншілігі жетілген. Өлекседен бастап, жемістер мен гүлдерді де жей береді.

* * *

Аққу – қанатты құстың төресі, бейбіт өмірдің бейнесі. Жалпы аққудың 6 түрі бар. Қазақстанда олардың сұңқылдақ және сыбырлауық аталатын 2 түрі кездеседі. Сұңқылдақ аққу мойынын аспанға қарай тік созып жүзсе, сыбырлауық аққу мойынын иректет иіп, басы мен тұмсығын су бетіне қарата тік ұстап жүзеді. Аққулар жұптасып ғасырға жуық өмір сүреді.

* * *

Қарақу деген де бар. Қарақу мен аққудың екеуінің бастары бір қазанға сыймайды. Аққулар секілді қарақулар су өсімдіктерімен қоректенгендерімен, өзара айырмашылықтары бар. Қарақудың аталықтары аққуларды тобына жолатпай ығыстырып тастайды.

* * *

Қарақудың аққудан бір ерекшелігі – олардың балапандарын еркегі қорғап жүреді. Сондай-ақ дауыс ырғақтарында да айырмашылық көп. Аққуларға қарағанда қарақу ащы дауысты. Мойын омыртқасы 31-ге жететіндіктен мойындары ұзын келеді. Бүкіл денесі, жалпақ табанына дейін, қап-қара, тек үшкір тұмсығы ғана қызыл болады. Қарақулар өздері дүниеге келген жерлерде өсіп-өнеді екен. Сондықтан да Аустралия, Тасмания жағалауларында көп көрінеді.

* * *

Дүние жүзіндегі құстардың ішіндегі ең ірісі – түйеқұс. Оның салмағы 150 кг да, бойының биіктігі 2 метрге жетеді. Жұмыртқасының ұзындығы – 15-17 см, көлденеңі – 10-15 см.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 38 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: