22:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

ХАЙУАНАТТАР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ ДЕРЕКТЕРГЕ ТОҚТАЛАЙЫҚ

Ұрғашы ақ аю еркек аюға қарағанда қыста көп ұйықтайды. Осы қысқы ұйқы кезінде салмағы небәрі – 170-230 грамм тартатын өте кішкентай қонжықтарын дүниеге әкеледі.

* * *

Ақ аюдың табанын жүн басқан. Суыққа жақсы бейімделген. Терісіндегі май қалыңдығы 10 см дейін жетеді. Денесінің қырық пайызы майдан тұрады. Екі жылда бір рет желтоқсан сәуір аралығы араында балалайды. Олар солақай.

* * *

Қоңыр аю – Еуропа мен Азияға кең жайылған. Бойы – 3 метрге дейін жетеді. Өзі денелі болғанмен де, жидектер мен жаңғақтарды теріп жеуге ерінбейді. Қыста апанында ұйықтайтын ол жаздыгүні кез келген оңаша жерге ұйықтай береді.

* * *

Бес-алты метрлік анаконда деген жылан екі жыл тамақ жеместен жүре алады екен.

* * *

Жыландар қоректенбей үш жылға дейін ұйықтап жата беруге мүмкіншіліктері бар жәндік.

* * *

Жыландардың көпшілігінде өкпе біреу ғана. Яғни жүрекке де онда орын бар. Ал питондарда өкпе екеу. Иіс сезу қабілеті күшті.

* * *

Ирландия, Исландия, Гренландия мен Антарктидада жылан болмайды.

* * *

Алып жылан – питон екі жақты жаңбырлы Экватор ормандарда өмір кешеді. Ұзындығы 10 метрге жетеді. Ол суда жақсы жүзіп, биік ағаш басына жылдам өрмелеп шыға алады. Питондар жеімтіктеріне оралып, қысып, тұншықтырып, бүтін жұтып, қимылсыз жатады.

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарында ауада денесін еркін ұстай алатын жыландар бар. Олар құстар сияқты биікке ұшқанда денесін жалпақтанып, қабырғаларын жайып жіберіп, ішін тартып алатындықтан ойыс шұңқыр пайда болып, ол денені ауада қалықтауға жағдай жасайды екен. Бұтадан бұтаға оңай ауысады. Жоғарыдан құлдилаған кезде денесін еркін меңгеретін қабілетке ие.

* * *

Дельфиндер – ең әдемі, шимпанзеден кейінгі ең ақылды балық. Оның миының көлемі денесімен салыстырғанда 4-5 есе үлкен. Олар жалғыз өмір сүрмейді. Тістерін тек жемін ұстау үшін ғана пайдаланады. Тісін қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі олардың жағында бұлшық еттер жоқ. Адаммен достасу арқасында алпыстай сөзді ажыратып, түсіне алады. Олар даусын дұшпандарын қорқыту үшін пайдаланады. Дельфиндерді әскери мақсатта теңізде миналар іздеп, оларды жоюға пайдаланады.

* * *

Барнео, Суматра аралдары, Малайзия, Филиппин, Индонезия жерлері мен Оңтүстік Үндістанда кішкентай денелі, біркелкі жасыл немесе қоңыр-сұр түсті ұшатын кесіртке бар. Олар ағаш басында тіршілік етеді. Олардың дене тұрқы 40 см шамасында. Отызға жуық түрі белгілі. Қос бүйіріндегі қатпарланған жалпақ тері созылып ашылғанда қанаттың қызметін атқарады. 60 метр жерге дейін көлденеңінен де, тігінен де ұшып, бағытын өзгерте береді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 24 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: