23:16
Рухани-танымдық сүрлеулер

АҢ-ҚҰСТАРДЫҢ АТАЛЫҚТАРЫ мен АНАЛЫҚТАРЫНЫҢ және ОЛАРДЫҢ ТӨЛДЕРІНІҢ АТАУЫН БІЛГЕНІҢ ДЕ АРТЫҚ ЕМЕС

Төлдерінің атаулары

Арыстанның күшігі – абадан, теңбілше.

Аюдың баласы – қонжық.

Арқардың төлі, қозысы – қозықа, қоды.

Барыс пен қабыланның күшігі – алан.

Жолбарыстың күшігі – теңбілше, сарымақ, шөнжік, мәулен.

Иттің күшігі – күшік, итақай.

Үйіне жетпеген күшік – арсалаң.

Кішкене шәуілдек ит – итаршы.

Құланның төлі – қодық, көдек.

Есек пен қашырдың төлі – қодық, тахай, күре, көдек.

Тай есек – тайқар.

Жас еркек есек – әздек.

Жабайы есек – домбайдың қодығы – күрә.

Маралдың, бұланның төлі – қодыға.

Шошқаның төлі – торай.

Бұғының төлі – бұғышақ, бұзау.

Бұғының тайыншасы – пәйкел.

Бұғының танасы – пәйке.

Бұланның төлі – бұзау.

Бұлғынның (соболь) төлі, кістің төлі – балакіс.

Еліктің бұзауы – еңлік.

Еліктің лағы – құралай.

Ақбөкен – киіктің төлі – құралай.

Бір жасқа дейінгі бұзау – баспақ, торпақ.

Қасқырдың қарақұлақтанған күшігі – бөлтірік.

Мықты, қайратты жас қасқыр – көксерек.

Шүйебөрінің күшігі – күшік.

Түлкінің күшігі – жаутаң, жәутік, мыршай, мыршық шираған кезіндегі атауы қарақұлақ.

Борсықтың төлі – азборақ, бодық.

Сілеусіннің күшігі – інсін.

Құндыздың күшігі – құнай.

Тюленнің күшігі – боздақ.

Итбалықтың күшігі – ақкүшік, боздақ.

Мысықтың баласы – мәулен, марғау, безек, соқыр деген де атауы бар.

Қоянның баласы – көжек.

Суырдың күшігі – мөндін.

Жыланның баласы – жіптей.

Аққудың балапаны – жүні жаңа жетілгені – ақүрпек, төрт жасқа дейінгісі – көгілдір.

Қаздың, үйректің топшысы бекімеген балапандары – мамыр.

Бүркіттің балапаны – ақүрпек.

Тауықтың балапаны – шөже, шибі.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 50 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: