08:21
Рухани-танымдық сүрлеулер

МЫСЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мысықтың көру, есту органдары жақсы дамыған. Көздері бір бағытқа бағытталған, кәдімгідей үлкен. Оның басты органы – көзі. Кеңістіктегі болып жатқан қажеттіліктің бәрін көзі арқылы алады. Мысықтың қос көзі де бір нүктеге шоғырланатындықтан көру қабілеті өте жоғары. Заттың қандай қашықтықта тұрғандығын да жете аңғарады. Бірақ, өзі ойнап, шұқылап, тартқылап, жалыққа соң жеп тынатын тышқан сияқты қимылда болғандарды анық ажыратқанымен, қимылсыз тұрған заттарды аңғарып, ажырату қабілеті төмен. Көздері томпақтау, 187 градус аралықты қамтиды. Бұл иттің көру аумағынан екі есе кең екен.

Мысықтар қырын қарап отырып та, айналасын көре береді. Бірақ, адамдарға қарағанда, түсті нашарлау ажыратады. Ал заттың көлемін өте жақсы қалыпта қабылдайды. Көру қабілеті адамнан алты еседей күшті. Таныс адамын жүз метрден анық ажыратып, «мияулап» белгі бере алады.

Мысықтың көз қарашығы әр ортаға қарай түрлі кейіпке келіп, түрленіп, өзгеріп тұрады. Жай жарық кезде тік-дөңесті болып келсе, тым ашық жарықта кішірейеді. Ал қараңғыда дөңгелене мол ашылып тұрады.

Жарықсезгіш торкөздерде жарықты шағылыстыратын жасушалар бар. Жарық азда жасушалар жарықты қайтара екі есеге арттырады. Сондықтан да мысықтың көздері қараңғылықта жақсы көре алады. Көздері қараңғыда жанып, кіші заттарды нысанаға алып, жемдік тышқанын көбінде түнде аулайды.

Мысық түстерді тек сұр ретінде көрсе де, өте жақсы көреді. Оның тағы бір ерекшелігі – тәтті мен шекердің дәмін сезе алмауы.

Мысықтың алдыңғы аяқтарында бес-бестен, артқы аяқтарында төрттен, бары 18 саусақ. Алдыңғы бас бармақтары тырнақсыз. Қалғаны тырнақты. Тағы бір ерекшелігі – көк көзді ақ мысықтың құлағы естімейді. Көзі сарылары ести береді. Бір көзі ғана көгілдірінің бір құлағы саңырау.

Мысық назар аударту үшін мияулайды. Мысықтың энергетикасы адамдікіне жақын. Ол адамның қуат тепе-теңдігін қалпына келтіруде таптырмас құрал. Адамның биологиялық өрісімен сәйкестігінен мысық, адамдағы жайсыздықтарды жақсы сезінеді. Оның адамның ауыратын жеріне барып сүйкеніп, жатып алатын да ерекшеліктері бар. Жататын жерін табанымен басып, байқап, жату керек деп тапқан жағдайда сол жерге жатады. Адамның ауырып, ширығып тұрғанын, жүрек талмасына ұшырау жайын да сезіп, сүйкеніп тынышсызданады. Олар жабыққанға серік, науқастың жүрек жұмысын жақсартып, буын, бас ауруларын жойып, жарақат жазылуын тездетеді, ішкі қабынуларды басады.

Мысық пырылдағанда адам тыныштанып, өзін жайлы сезіне бастайды. Демалып жатқанда мысық келіп пырылдай бастаса, оны қуып жібермей, бойыңыздағы құбылысқа мән берген дұрыс. Әсіресе, мәулен мен жас мысық адам психикасына жайлы әсер етіп, тыныштандырып, көңіл-күйді көтеріп, күйзеліп, ширығу кезінде пайдасы тиеді.

Мысық бүйрек жетіспеушілігін, төмен қан қысымын, созылмалы шаршаңқылықты емдейді. Ем жүргізгенде, оның басын сол жағыңнан, ал құйрығын оң жағыңнан келтіру керек. Ал гипертония, инфаркт кезінде мысықты керісінше келтіріп жатқызады.

Олар әрқалай әсер етеді. Мысалы, жүні ұзын сібір, ангор, парсы, норвег мысықтары психотерапиялық, невропатологиялық бағытта шипалы. Ұйқысыздық, ашушаңдық және депрессияға ем. Парсы мысығы бұлардан басқа буын аурулары мен остеохондрозды емдейді.

Қысқа жүнді, жүнсіз сфинкс, сиам, ориенталь, абисминия, тонкин, мысырлық мау асқазан-ішек, несеп-жыныс жолдары ауруларына шипалы.

Британ, картезиан, шотланд, пұлыш матаға ұқсас орыстың көгілдір, бенгал мысықтары кардиологиялық ауруларға шипа екен.

Қара түстілері жайсыз қуаттан арылтса, ақ түстілері жағымды қуатпен толықтырады, ал сары түстілері адамға оңды қуат сыйлайды.

Мысықтың адамға үйірсектегенінің ғана шипасы тиеді. Емі тиетін аурулар түрі: ревматизм, миокард инфаркті, асқазан жарасы, гастрит, бронхит, өкпе қабынуы, тұмау, невроз, жүйке ширығуы сияқтылар.

Оны қанша биіктен тастағанмен, төрт аяғымен жер тіреп түседі.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 51 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: