19:08
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕШКІ КӨЗІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ешкі – аша тұяқты, күйіс малы. Оның түбіті, жүні, терісі, еті мен сүті өте пайдалы. Сүтінің сапасы ана сүтіне жақын. Терісінен сафиян, шевро сияқты былғары жасайды.

Ешкінің бір ерекшелігі – үйілген үйінді, шөп-шалам, қараусыз үй көрсе оған шықпай, тал-дарақты кемірмей тынбайды. Оның көзі де ерекше. Көз қарашығы көлденеңінен жатқан ойылған жерге ұқсаған. Кеңейген кезде төртбұрышты пішінге енеді. Бұл ерекшелік ешкіге басын бұрмастан-ақ айналасын 340 градус көлемінде көре беруге мүмкіндік береді. Ал біз адамдар, басымызды бұрмай тұрып, басымызды бұрмай тұрып, тек 160-180 градус аралығын ғана көре алады екенбіз.

Ешкі жаратылысының тағы бір ерекшелігі – күндізгі күн сәулесі жарықтан қорғану үшін жіңішкеріп кетеді. Ал түнге қарай көзі кеңейіп, қарашығы төрт бұрышты пішінге енеді. Көз қарашығы төртбұрышты болып келу ешкілерден басқа, өріске жайылатын аша тұяқты жануарлардың көпшілігіне тән. Қарашығының ерекше болып жаратылуы оларға түнде жақсы көруге мүмкіндік береді. Сол ерекшелігінің арқасында олао қараңғыда жақсы жол тауып, артқы жағынан келетін жыртқыштар шабуылы сияқты басқа да қауіп-қатерді тез көріп, сақтанып отырады.

Көз қарашығы төртбұрыштының бірі – су жәндігі сегізаяқ.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 49 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: