07:13
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен ҚАСИЕТТЕРІ

Жылқылардың тағы бір ерекшелігі – олар мысық, ит сияқты үй жануарларымен де иіскелей келіп, ерінін жыбырлата үйкелеп, тез тіл табысып, достасып кете алады.

* * *

Жылқы бағып, баптайтын, жалпы жылқыға жақын болған адамдардың қант диабеті ауруына шалдығуы өте сирек болатындығы ғылыми жолда дәлелденген.

* * *

Жылқының жанында көп жүрген адам өзіне-өзі сенімді, ішкі қорқыныш пен уайымнан арылады.

* * *

Жылқы бір айға дейін түрегеліп тұра береді. Оларға тәулігіне 4 сағаттық ұйқы жеткілікті болады.

Таза ауада атпен серуендеу, аңға бару, атпен қыдырыстау адамның бұлшық еттерін ширатып, қан айналымын түзеп, дене тұлғасын тіктеп, көңіл-күйін көтеріп, денсаулығын нығайтады.

* * *

Үйірге қосылған айғырлар, құлындаған биені сыртқы жаулардан үнемі қорғаштап жүреді. Үйірін ит-құсқа бермейді.

* * *

Кейбір табындарда айғыр жоқ кезде, үйірді мама биелер де бастап жүре алады.

* * *

Жылқының жершілдігі сонша – буаз бие өрісін басқа жерге ауыстырып барып құлындағанның өзінде, одан туған құлын, биенің бұрынғы өрісін, жерін айыра алады екен.

* * *

Сергек күйлі жылқы құлағын қайшылап тұрады.

* * *

Жылқы тісі – денсаулығы мен жасын анықтайтын басты белгі.

* * *

Жылқының үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерінде алтыдан күрек тістері болады.

* * *

Құлынның сүт тістері 6 айға дейін шығып бітіп, 2,5-5 жыл ішінде сүт тістері тұрақты тістермен алмасады. 6 жаста төменгі жақ сүйегіндегі ортаңғы екі күрек тістің ұштарындағы ойыс қажалып тегістеледі. 7 жаста – ортаңғы төрт тістің, 8 жаста – барлық алты тістің ойыстары тегіс жойылады. 9 жаста – жоғарғы жақ сүйегіндегі жұлқарлар, 10 жаста – ортадағы төрт тіс, 11 жаста – жоғарғы жақтағы барлық алты күрек тіс қажалып тегістеледі. 15 жаста күрек тістердің өткір ұшы – шеңбер, ал кәрі жылқыларда үшбұрыш пішінге еніп өзгереді.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 61 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: