21:52
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен ҚАСИЕТТЕРІ

Жылқының көздері қырын орналасқандықтан, оларға алыстан көру мүмкіндігін береді. Бұл ерекшелік жылқыларға төніп келе жатқан қауіпті тез сезуге көп көмегін тигізеді. Алайда мұның да кемшілік жақтары бар. Мәселен, жылқы малы тура алдындағы нәрсені көре алмайды. Сондай-ақ, жылқылар бір мезгілде екі бейнені көретін болса, адамдар секілді біріктіріп, толық қорыта алмайды.

* * *

Жылқының иіс сезгіштік қабілетінің кереметтігі сонша – үстіндегі адамның қобалжуын тез аңғарып, масаң болған жағдайын да бірден сезіп қояды екен. Сонымен қатар, қанның иісіне шыдай алмай, аласұрып кететіні де бар.

* * *

Жылқы малы өзіне қастандық ойлағандардың ниетін тез танып қояды екен. Қаскүнемдер өз қара ниеттерін жүзеге асырып үлгергенше, болаттай тұяқтарын немесе орып түсер тістерін іске қосып та үлгеретін көрінеді.

* * *

Жылқылар өзара дене қимылы арқылы сөйлесіп, түсінісе алады. Үйірге хабарды оқыранып, кісінеп, шұрқырап, ышқына кісіней оқырану сияқты дыбыстарды шығару арқылы беріп отырады.

* * *

Әр айғыр әдетте өз үйірімен жүреді. Күшті, сұсты айғыр басқа айғырды өз үйіріне жолатпай, қорғайды. Өзінен туған құлынды байтал болғанда, асыл-тектілігінің жоғарылығынан, үйірінде жүргізбей шеттетіп, тістелеп, теуіп, басқа жаққа қуып шығарып жібереді. Үйірінен қуылған байталды басқа айғыр үйіріне қосып алады.

* * *

Жылқы өзін суреттен танып, басын шұлғиды.

* * *

Жылқының адамды емдеп, аурудан арылуына да септігін тигізер қасиеті бар. Жылқы баяу музыканы, сазды әуенді жақсы көреді. Ал рок сияқты тым дөрекі, өте қатты шығып аласұрған дыбысты музыканы естіген жағдайда, тынышсызданып, ол да қатты аласұрып кетеді.

* * *

Өз иесіне адал қызмет ететін бұл жануар кез-келген қиын жағдайда иесін құтқаруға дайын тұрады. Небір қиын апат арасынан да алып шыға алады.

* * *

Жылқының жабулы тұрған есіктің ілгегін өзі ағытып, қорадағы малдарды сыртқа шығарып жібере алатын да қабілеті бар.

* * *

Атқа мініп, серуендеу – адамға оң әсер беріп, жүйке жүйесінің реттеліп, күйзелісінің жойылуына себі тиеді.

* * *

Ғалымдардың анықтауы бойынша, жануарлардың арасында естілігі жағынан жылқы малы иттен де асып, бесінші орында тұрады екен. Қандай жағдайда болмасын есті жылқы адамның көңіл-күйі мен іс-қимылына қарап, әрекет ете алатындығын дәлелдеу қиын емес.

* * *

Жылқының бітімі бөлек, өте сезімтал. Дәм сезу, түйсіну, есту, иіс сезу және көру қабілеті сияқты бес сезім мүшесі жақсы дамыған. Бие құлындағанда құлынының иісін тұшынып та үлгереді. Құлынын түгінен, сыңғырлаған үнінен, демінен, жүрек дүрсілінен таниды. Тұяғының тықырын да айыра алады. Осы сезімталдығы болар, биеге басқа құлынды тели алмайсың. Бөтен құлынды бауырына алмайды.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 72 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: