23:09
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Жылқының жақсысы мен жүйрігінің сын-сипаты:

Тістері аппақ, біркелкі, жұқалтаң әрі мығым болып келеді. Төменгі еріні салпы, танау қуыстары биік, кең болғаны жөн. Көздері мен кірпіктері қара түсті, маңдайы жазық.

Құлақтары ұзын, арасы дөңес әрі алшақ болады.

Жалы сирек, мойыны жұмыр, шүйделі, әрі кең алқымды. Кеудесі аяққаптай кең, омырауы ашық.

Сирақтары жоғарғы сүйектерінен ұзын, аяқтарының арасы алшақ, тілерсекті.

Жоталы, жаялылығы кең. Сауыры дөңгелек, ішкі жағы етті, шақпақ еті тығыз, қара түсті. Белі – қақпан бел. Бүйіріне өте жақын орналасқан кебеже қарын.

Құйрығы сүзіліп біткен, құйыршығы қысқа келген.

Тұяқтары қара түсті қалың, табандары төңкерілген кеседей дөңгелек келгені дұрыс.

Жүріп, тұруы тыныш, жайлы. Үстіндегі адамның ыңғайын жақсы түсінетін жылқы.

Жылқыдағы түр-түстің ең тәуірі – торы, құрма түс.

Көзі қызыл болмаса, баран түстің ішіндегі шымқай қара түсті атты дұрыс санау керек.

Еріні, көз-кірпіктері ұмасы, екі сауыр аралығы мен эал-құйрығы қара болып келген алтындай жарқыраған жирен жылқы да жақсы жылқы тобына жатады.

Арқасы қара жолақты, жал-құйрығы, көз-кірпіктері, еріні, аяқтары қара болған – сұр және көк түсті аттарды да жақсы деуге лайық.

 

ЖЫЛҚЫНЫҢ БАСҚА ДА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ мен ҚАСИЕТТЕРІ

Жылқының ең түпкі атасы – 60 миллионнан аса жыл бұрын пайда болған тұяқтары төрт саусақты гиракотерия. Оның бойы небәрі – 14 сантиметр, ал салмағы бар болғаны – 5 кг тартқан.

* * *

Жылқы біздің дәуірімізге дейінгі жылдарда Таяу Шығыс пен Қиыр Шығыста қолға үйретілген көрінеді. Жылқының жер бетінде қазір бір жүз алпыстай түрі бар. Ең таза тұқымды жылқы – араб жылқысы. Қамбар ата тұқымы 25-30 жылдай өмір сүреді.

* * *

Жылқының басқа малдардан ерекшелігі – мінсең қанат, ішсең шарап, жесең бал, жеге қойсаң нағыз жол, ауырсаң ем, жалғыз жүрсең сенімді серікке тең.

* * *

Аттың оң жақ бүйіріндегі қабырғаларының саны сол жақ бүйіріндегі қабырға санынан артық болады. Егерде аттың екі жақ бүйіріндегі қабырғалардың саны бірдей, яғни тең болса, ол нағыз шашасына шаң жұқпас, ешқандай қылқұйрық тұқымын алға оздырмас, нағыз сәйгүлік болғаны. Атпен жұмыс істеген әркімнің де осы бір ерекшелік ойында болса, ұтылмақ емес.

* * *

Жылқының сүйектері адамдікінен 18 сүйекке көп екен

Жылқы адамның көңіл-күйін дауыс ырғағына қарап, ажырата алады екен.

* * *

Жылқылардың түнде, қараңғыда көру қабілеті адамдарға қарағанда жақсы дамығанымен, түсті ажырату деңгейі өте төмен. Олар барлық көзіне көрінген нәрсені көк, жасыл түсте, көбіне сұр түсте ғана көреді екен.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 96 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: