07:10
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Жылқының түр-түсіне сай берілген атаулары:

Қара жылқы (вороной)  қара күрең (темно-рыжий) – түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы қылшықты жылтыр болып келетін жылқы.

Торы жылқы (гнедой) – түктері тобылғы түсті, жал-құйрығы, сирақтары қара қошқыл жылқы.

Жирен жылқы (рыжий) – түктері қылшықты, бірыңғай сарғыш қызылдау болып келетін жылқы.

Сары жылқы (светло-рыжий) – түгі бірыңғай сары жылқы.

Қара көк (темно-серый) – түктері қара қошқылдау жылқы.

Қаракер жылқы (карий, караковый) – түсі қара, тұмсығы мен шабы күңгірттеу болып келетін жылқы.

Ақжал жылқы (белогривый) – түр-түсі құлаға, жиренге, қызыл көкке және басқа да түстерге ұқсас болғанымен, сирақтары мен жал-құйрығы бозғылт немесе боз болып келген жылқы.

Көк жылқы (серый) – түгі шымқай көк емес, қылшықты көкшіл болып келген жылқы.

Қызыл көк жылқы (сиво-серый) – түк қылшығының ұшы қызыл түстес болып келетін, көк жылқы.

Құла жылқы (саврасый) – кеудесінің түгі торы жылқының түсіндей болғанымен, өңі түскен күңгірттеу, қоңыр-сары болып келетін, жал-құйрығы ашық қоңыр, танауы мен көз айналасы, кеуденің төмен жағы, қарынымен ашық түсті, аяқтары қара жылқы.

Құласұр жылқы (буланый) – аяқтары мен жал-құйрығы қара, арқасынан құйрығына дейін созылған қара жолақты, басы мен бүкіл денесі жылтыр сары немесе құрым сары түсті жылқы.

Құлакер (мухортная, гнедая с подпалинами) – кеудесі ашық сары, басқа мүшелері құла жылқыға ұқсас келер қарақұла жылқы. Құлажирені де болады. Олардың кеудесі өңі түскен сарығыш қызылдау жирен, кекілі мен жал-құйрығы, арқасы қызыл-жирен болса, басқалары құла жылқы түсіндей болып келеді. Сонымен қатар, жалпы түсі қара болғанмен де, тұмсығы мен шабы күңгірт болып та келген жылқы.

Шабдар жылқы (игреневый) – ақ қылы мен қара қылы аралас келген жалы бурыл, денесіндегі түгі ақшыл сары жылқы.

Ашық шабдар жылқы (светло-игреневый) – жалы шабдар, бурыл бола тұра, денесіндегі түгі торыға жақын тобылғы түсті жылқы.

Сұр (бледно-серый) – басы мен сирақтары және жал-құйрығы қара, арқасының қара жолағы шоқтығынан құйрығына дейін созылған, жауырыны, тірсегі мен сирағы көлденең жолақты тарғыл тартып тұратын, денесіндегі түктері көкшілдеу ақ болып келген жылқы.

Ала жылқы (пегий, пестрый) – негізгі түгінің арасынан, үлкенді-кішілі ақ дақты түктер өскен жылқы.

Шұбар жылқы (чубарый, пятнистый) – көпшілік қылшық түстері басқаша болғанына қарамай, арасында ақ теңбілді қылшықты түк өскен немесе, керісінше, денесінің діні ақ түсті түктерге, түрлі майда теңбіл түстер араласа өскен жылқы.

Бурыл жылқы (чалый) – басы мен аяқтары денесіндегі негізгі түгімен бірдей, ал денесіндегі негізгі түгімен қараторы жирен және біртегіс ақ қылшық араласып шыққан жылқы.

Шаңқан боз (светло-чубарый) – өте шымқай ақ түкті жылқы.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 54 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: