07:16
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Жылқының жатып-тұру қозғалыстарына байланысты айтылатын атаулары:

Алдымен тұру – жылқының жатқан орнынан алдыңғы аяқтарын тіреп, көтерілу кезі.

Алдымен жату – жылқының екі тізесін бірдей бүкпестен, кезектесе бүгіп барып жату сәті.

Сиыршалап тұру – көтерем болуға аз-ақ қалған арық жылқының орнынан алдымен емес, артқы аяқтарын тіреп, көтеріп барып тұрғандағы жағдайы.

Аунау – жылқылардың көгалды, құмайтты жерлерге жатып, арқасын жерге тигізген соң, аяқтарын жоғары көтеріп алып, арқасын тіреп, екі жағына кезектестіріп, ерсілі-қарсылы домалауы.

Сілкіну – жылқының аунап тұрған соң, үстіне жабысқандарды қағып тастау мақсатында сілкіне қағыну әрекеті.

Үйелеу – ыңғайсыздау шұңқырға, не терең ақырға кептеліп, шалқасынан аяқтары серейіп, тұра алмай қалу сәттері. Мұндайда уақыт өткізбей тұрғызып алмаған жылқының іші кеуіп, төрт аяғы серейген бойы өліп кететін жағдай да кездесетіні ойда болуы керек.

 

Жылқының тісіне байланысты берілген атаулары:

Жылқының тісіне қарап, тура жасын, асылдық және жүйріктік қасиеттері мен кемістіктерін де айыруға болады.

Тіс атаулары мынандай болып келеді:

Сүт тіс – құлынның еміп жүргендегі шыққан тістері.

Күрек тіс – ауыздың асты-үстіне екі-екіден шыққан күрек тәріздес төрт тіс.

Қасқа тіс – жылқының алдыңғы тісі.

Шет тіс – күрек тістерден кейін орналасқан тістер.

Тісеу – сүт тістерінің орнына жаңа тістердің шығуы.

Тұрақты тіс- жас жылқылар тісегеннен кейінгі екі жас пен бес жас аралығында шыққан тістер.

Үкпе тіс – ол азу тістер.

Ұры тіс – жылқыны оттан қалдырып, жүдеуіне алып келер, азу тіспен қосарлана шыққан ұзын тіс.

Қос тіс – тістердің жанынан қабаттаса шыққан тіс.

Мөр – тістің үстінгі бедеріндегі шұңқыры.

Қырқылған тіс – жылқының тіс бедерінің мұқалуы.

Сопақ мөр – бес жас пен он жас аралығындағы жылқы тісінің бедерлерінің мұқалмай қалған көздері.

Дөңгелек мөр – он екі жастан он сегіз жасқа дейінгі аралықтағы тіс шұқырларының сопақ түрінің дөңгелек түрге айналып өзгерген қалпы.

Үш бұрыш мөр – он сегіз жас пен жиырма үш жас аралығында мөрді тіс шұңқырлығының тозып, үш бұрыштана өзгерген қалпы.

Тістің қыры – тіс шұңқырларының шеткі жиектері.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 62 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: