20:31
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Жылқының бітім-жаратылысына сай берілген атаулары:

Қосақ ат – қосақта жүретін ат.

Бөртекі жылқы – қара етті, тез болдырғыш мал.

Сиырқұйымшақ жылқы – арқалы, құйрықтың қыл түбіне дейін түзу келген мал.

Қойбасты жылқы – басы қойдың басына ұқсаған мал.

Ешкібас жылқы – басы ешкінің басына ұқсас келген мал.

Көсем ат – жегілген аттардың алдында жүретін, жол бастаушы дара ат.

Месберік – күй талғамайтын, ауры жұмыстарға пайдаланатын ірі әрі күшті күш-көлік аты.

Қызыл көз ат – шадыр мінезді, тарпаң ат.

Орақбасты жылқы – кеңсірігі шығыңқы, дөңес тұмсықты мал.

Су жалды жылқы – жалы қолға ілініп, ұстауға тым келмейтін арық мал.

Қоңылтақ жылқы – дұрыс тойына алмай, бойына ет бітпейтін мал.

Қоңторғай жылқы – өмірі ет алмайтын, тойынбайтын жылқы.

Көбең – арықтап барып, енді оңалған міңгі ат.

Шырсыз – арық жылқы.

Көтерем жылқы – жілік майы кетіп, етінен арылған, буынына сары су толған, әлі кетіп, кісінің көмегінсіз орнынан өзі тұра алмай қалған мал.

Қатпа жылқы – жөнді етеймеген, сүйектері ырсиып көрініп тұған қызылсыз мал.

Көк бақа – жілігі татымаған, өте арық жылқы.

Жайланған жылқы – көп мінуден оңала алмаған ат.

Зорыққан жылқы – жүруге жарамай, иесін жолда қалдырған ат.

Соқтыққан жылқы – аурудан немесе жеккіден әбден болдырып, тізесі шалынысқан жылқы.

Қысыраған жылқы – үйірдегі биелер іш тастап, жұтаңқырап, өлім-жітім орын алған үйір.

Төсеген жылқы – тай, құнандар мен байталдар, тісеген соң орнына сорайып шыққан ұзын ұры тістен жайыла алмай жүдегендер.

Қолау жылқы – мезгілі жетпей ретсіздеу мініс көріп, ерді нашар жабдықтағандықтан арқасына батып, алдыңғы аяқтарын баса алмай қалған тай, құнан, байталдар.

Керең ат – жылқылардың жанаса келіп, оқыранып, кісінеуіне жауап қатпай, құлақтарын жымитып қана әрекетсіз тұра беретін ат.

Солақай ат – жүргенде бірінші сол аяғымен қозғалатын, сүріншек келетін ат.

Тауық соқыр ат – жолдың жайсыздығын сезбейтін, қараңғыда табан жолын көрмейтін, жуас аттар үркетін жағдай кездессе де үрікпейтін, керісінше кереғарлық жасап, үркек аттар үрікпейтін жағдай кез болғанның өзінде үркетін ат.

Көзі кем ат – көздерінің қарашығы көк болып келетін, кірпік қақпайтын, көздері үнемі ашық тұратын, күндіз жақсы көрмейтін ат.

Көкшіл көз ат – екі көзі бірдей көкшіл ат – жақсы ат, ал, тек мінер жақ көзі көкшіл ат – кеміс ат.

Қыли ат – көзі қылиланып тұратын ат.

Ұзын сирақ ат – аяқтарының буындары ауруға ұшыраған, сирақтары ұзын ат. Алдыңғы аяқтары ұзын біткен мұндай аттар, ылди мен өрге бірдей шаба алмайды.

Қисық құйрық – құйрығы артып жаппай қисайып тұратын ат.

Кісінеуік ат – жиі-жиі кісінейтін, тыпыршыған басы қатты, бас асау ат.

Алаяқ ат – мінер жақтағы алдыңғы және артқы бақайлары ақ болып келген кемістікті ат.

Ақ көз, шегір ат – көздері шегір болып келетін ат.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: