22:30
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖЫЛҚЫНЫҢ ЖАНДҮНИЕСІНЕ ҮҢІЛІП БІР КӨРШІ, ҚЫРЫ МЕН СЫРЫН БОЙЫҢА СІҢІРЕ БЕРШІ

Қамбар ата тұқымы – қылқұйрық атанған, тұяқты жануар – жылқының жандүниесіне үңіліп, қазақтың байлығы – жылқысында екендігін ескеріп, олардың өз болмыстарына сай, басқа түлікте кездеспейтін, соншама көп атауларына тоқталып, саралағанымыздың артықтығы бола қоймас.

 

Жылқының бітім-жаратылысына сай берілген атаулары:

Тақымға басқан төл ат – белгілі бір жеке адамның жастайынан күтіп-бағып, жеке шаруасына пайдаланып жүрген аты.

Тарлан ат – көптен келе жатқан мініс аты.

Желікті қызба жылқы – айғайда алып ұшар жылқы.

Жүрісті жылқы – ұшқыр, аяғын жылдам, ширақ басатын ат.

Мініс ат – күнде мінілетін көлік аты.

Лау ат – жолаушылар тасуға бөлінген көлік аты.

Пар ат – жегілгенде бір-біріне пар келген қос жылқы.

Түп ат – жеккідегі аттардың шетіндегі мықтысы.

Тұғыр ат – төзімді жұмыс жылқысы.

Бедеу ат – бабы келіскен әсем міңгі ат.

Жабық етті жылқы – семіз емес, қабырғасы жабық жылқы.

Берік жалды жылқы – ортадан төмен жал майы бар жылқы.

Жалы мұздай жылқы – семіз, жалы тұтасқан жылқы.

Ер арқа жылқы – арқасы ой келген, жаясы мен шоқтығы биік жылқы.

Астау жонды жылқы – жаяның екі жақтағы еті шығыңқы болып келген мал.

Тік жонды жылқы – арқалығы мен жоны тұтасып кеткен мал.

Қақпақ жонды жылқы – арқалық жоны тұтасып, қабырғаға қарай ойысқан, жаялы жылқы.

Қонды жылқы – бұлшық еттері қоңайған, еттілеу келген мал.

Берік жалды, жабық жалды, өкпе жалды, су жалды, қара жалды жылқы – арық-семіздігін жалын ұстап білгенде айтылатын атаулар.

Тарпаң жылқы – асау, жалт бергіш үркек, тарпып, тулағыш, тебеген, тістеуік келген мал.

Қамыс құлақ – екі құлағы сыриып, серектеніп біткен жылқы.

Қайшы құлақ – сүйрік біткен екі құлағын жүргенде қайшылап жүретін жылқы.

Бәйге ат – бәйге жарысына дайындап, қатыстырылатын жүйрік.

Құр ат – біраз мінілмей, семірген тың ат.

Ереуіл ат – ұзақ жортуыл жүріске шыдамды, белді, мықты ат.

Жарау ат – ащы тері алынған, ұзақ жүріске жарамды қоңы келген ат.

Мәстек құлақ – екі құлағы екі жағына қисая біткен жылқы.

Жеккі ат – арбаға немесе шанаға жегілетін әккі ат.

Маймақ жылқы – аяғы қисық біткен сүрінгіш мал.

Қырсау жылқы – шабан жылқы.

Керенау, керден жылқы – аяғын ширақ басуды күш снап, жай басар ат.

Барлыққан жылқы – семіздей мініліп, қызыл май болуға аз-ақ қалған мал.

Жел саңлақ – жарау саңлақ ұшқыр жылқы.

Сабылған жылқы – ақ көбігі шығып, шауып келген жылқы.

Жетек ат – ұзақ жолға жетекке алынған тың жылқы.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 59 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: