20:11
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТҮЙЕ НЕМЕН ҚОРЕКТЕНЕДІ

Түйе екі түрлі «ақ от» - ақ өсімдік және «ащы от» - ащы өсімдіктермен қоректенеді. Ақ отқа жататындар: қамыс, мия, бидайық, жоңышқа, ажырық, көде және бетеге. Бұлар түйеге тойым бермегендіктен, түйе жүдей береді. Сондықтан оның күшін сақтау үшін, қосымша әдіске жүгініп, түйеге тұзды жиірек беру керек.

Түйенің сүйсініп жейтіні мына ащы өсімдіктер: қара барқын, сексеуіл, қара сора, жантақ, күйреуік, жыңғыл, тал, жиде, тораңғы, торғай оты, жиде, тораңғы, тоғай оты, балық көз, кекіре, ала бота, боз бота, жалмаң құлақ, бозды бас, көкбек, шыртылдақ, шытыр, қызғалдақ, теріскен, дүзген, ақ бас, теке сақал сияқты басқа да шөптер. Өте ащы болғандықтан көктеген кезде түйе жейтін күйеуік өте құнарлы шөп. Оны жеген мал қоңын бермейді.

Жайылымда түйелерді жыл басынан 10 шілде аралығында иреуік, ескі жұрттарда өсетін қара сораң сияқты зиянды шөптерді жеп қою қаупінен сақтау үшін, ондай шөптер өсетін жерлерге жаюдан сақтану керек.

Мамыр мен тамызға дейінгі аралықта ішетін суына да абай болған жөн.

Ақпай тұрып қалған, іркінді сумен барабар, сары сумен суару зиянды.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 61 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: