20:15
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ

Түйе атаулары

Қырысты (керісті) қоспақ – үлек пен мырзақоспақ буданы. Бұл да бақырады.

Үлек бота – таза үлек пен аруанадан туған жалғыз өркешті еркек бота.

Алаша – асылтұқымды түйе мен жабы – жабайы түйеден шыққан тұқым.

Кезпар – үлек пен маядан туған будан.

Кезнар – қоспақ інген мен үлектің ұрпағы, еркек.

Қылағай – қоспақ пен айыр түйеден туған әлсіз, осал, нашар жетілген бақырауық түйе тұқымы. Жүні сирек, аяқтары жіңішке, басы кішкентай.

Ақбақ – таза тұқымды үлек пен қалбағай інгенің буданы.

Қалбағай – қылағай інген мен үлектің буданы.

Бекбатша – бура мен аруанадан туған будан. Өркеші биік, бұйра қою, қалың жүні бар, сандары үлкен, аяқтары жуан, мойындары ұзын, басы астау тәрізді келеді.

Қолбатша – үлек пен інгеннен туған будан.

Жөнек – бекбатша не қолбатша бура мен аруана не жампоз інгеннің ұрпағы. Сандары жіңішке, іші үлкен, жүні ешкінің жүніне ұқсас, қабағы қалың, бақырауық.

Жарбай – мая мен үлектің екінші ұрпағы.

Жөң – мал мен үлек буданның екінші ұрпағы.

Күрт – айыр түйе мен үлектен туған будан.

Оқбақ – қоспақты қылағай нар мен қоспақты қылағай бурасынан туған тұқым.

Оқпақ – дене бітімі қораш, аяқтары сорайған ұзын, жапырақ өркеш, сұйық жүнді қылағайдан тараған тұқым.

Тайлақ – екі жасқа дейінгі төлдің атауы.

Сүттайлақ – енесі қысыр қалған немесе енесі боталауға бірер ай қалғанға дейін еміп жүретін тайлақ.

Кердері, кердары – біртума нармая мен жөң буданы. Нармаядан туса екінші, жөңнен туса, үшінші ұрпағы.

Бүлдіршін – үш жасқа шығар қайымаған түйе.

Құнанша – үш жасар ұрғашы түйе.

Дөненше – төрт жасар ұрғашы түйе.

Тығыршын – қайымаған дөнежін түйе.

Буыршын – аруана мен үлектен туған төрт жасар жас бура.

Нарша – буыршын жас нар.

Сапалдырық – будандастырылған түйеден тараған үшінші және одан кейінгі ұрпақтары.

Соқтан – төрт жасқа шығар пішпе түйе.

Үлекше – төрт жастан асқан, жалғыз өркешті түйе.

Інгенше – төрт-бес жас аралығындағы боталамаған айыр түйе.

Қылқи – енесін жампоз мая, атасы – үлек, жалғыз өркеш буданның төртінші ұрпағы.

Атан – төрттен асқан ақталған, ірі айыр түйе.

Атанша – жаңа піштірілген жас түйе.тұмса – алғаш боталаған інген не мая.

Жөңбай – жөңнің ақта етілмеген бурасы.

Шау түйе – қартайып, күші қайтқан кәрі түйе.

Желмая – шөлге төзімді, күшті, жалғыз өркешті, жүйрік түйе.

Түйеде кездесетін түстер: ақ (атан), боз (інген), сары (тайлақ), қызыл (нар), қараша (қоспақ), қара (бура), қоңыр (мая).

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 59 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: