18:44
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ

Жылқы атаулары

Бедеу бие – құлындамайтын бие.

Наз бедеу – әсем, сұлу жүрісті, құлындамаған көрікті жарау бие.

Айғыр – үйірге түсер аталық жылқы.

Сәурік – үйірге түсе қоймаған жас айғыр.

Саяқ – өз алдына бөлек жүретін, піштірілген тай, құнан, дөнен, үйірден бөлініп алынған биелер мен үйірге әлі қосылмаған ұрғашы бойдақ жылқылар.

Ат – ақталған, мініп, жегіп пайдаланатын жылқы.

Қазанат – дене бітімі шымыр, мүсінді, құйма тұяқ, ұзақ жолға шыдамды мықты ат.

Сәйгүлік – бәйгенің алдын бермейтін өте жүйрік жылқы.

Сауран сойы – сәйгүліктің бір түрі.

Дөрбіт – жұмыр, жуан денелі, аяқтары әлді, бойы зор, өзі күшті, құйрық-жалы қалың жылқы.

Саңлақ, сайдауыл, сайдақ, сайдауыт – іріктелген таңдаулы, ұшқыр, жүйрік жылқы.

Дүлдүл – қанаты бардай ерекше жүйрік, айтулы тұлпар, нағыз сәйгүлік, арғымақ.

Тұлпар – қуса жететін, қашса құтылып кететін, аса төзімді, белді, асыл тұқымды асқан жүйрік, жүрісті ат. Мұндай жылқы сұлу мүсінді, жіңішке мойын, тұрқы ұзын болып келеді.

Жет жетпес немесе оқ жетпес жылқы – ең жүйрік тұлпар.

Арғымақ – асыл тұқымды дене бітімі келіскен сымбатты, сұлу, жүрдек жылқы.

Пырақ –аңыздарда айтылатын, айшылық алыс жерлерге лезде жеткізетін қанатты тұлпар.

Күйсіз күлік – жаратпай-ақ бәйгеде шапшаңдығымен озған жүйрік сәйгүлік.

Алатаң – қыстан күйлі шыққан жылқы.

Желқуық – ұшқыр, жүйрік ат.

Құлтұғыр – ерғашты болған, шабан ат.

Мәстек – тапал, тұрқы қысқа кішкене жылқы.

Жабы – қазақ жылқысының байырғы тұқымы.

Қарабайыр – арғымақ пен жабының буданы.

Тумыш – арғымақ пен қазақы жабы жылқыдан туған будан ат.

Суын – қолданыста жоқ, тек аңыздарда айтылатын су жылқысы.

Бұрақ – аңыздағы аспанға ұшқан ат.

баспаға әзірлеген                                                  

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 68 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: