21:11
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТҰҚЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНЕН ӨРБИТІН АТАУЛАРЫН БІЛІП, ЖАДЫҢА САҚТАҒАННАН ЕШ ҰТЫЛМАЙСЫҢ

Ешкі атаулары

Ешкінің пірі – Шекшек (Сексек) ата.

Ешкі – ашатұяқты, күйіс қайыратын, қойды бастайтын, өткелден үркіп саспайтын, секмшіл ұсақ мал. Қазақта: «Ешкі сойып жесең – бір күндік, сауып ішсең – мың күндік» деген мақал да бар.

Ешкілердің де буаз болу уақыты қоймен бірдей – бес ай, бес күн. Тіршілік ұзақтығы да қойдікіндей – 12 жас.

Лақ – ешкінің алты айға дейінгі төлі.

Дағалай – бір жылда екі лақтаған ешкіні соңғы лағы.

Шікірә – еркек лақ, текеше.

Текешік – жасы толмаған теке, текесымақ, лақ теке.

Туша – бір жасар буаз ешкі.

Шыбыш – бір мен екі жастағы лақтаған ешкі.

Серкеш – бір мен екі жасатғы тарттырылған ешкі малы.

Серке – бес-алты жастағы тарттырылған, қой бастар ешкі.

Теке – екі жастан асқан күйекке түсетін аталық.

Ешкі – екі жастан асқан аналық ешкі.

Ту ешкі – қысыр қалып жүрген семіз ешкі.

Ішкәра – күзгі төл.

Ешкілерде кездесетін түстер: ақ, ақсұр, бөрте, ор, сұр, қара, бурыл, жағал, сары.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 71 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: