09:58
Рухани-танымдық сүрлеулер

ҚҰДАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туыстары.

Бас құда – атасы мен өз әкелері.

Бауыздау құда – екі жастың әкелері, жанашыр ұда.

Құдағи – қарама-қарсы жақтың шешелері, апалары.

Бел құда – белдегі әлі туылмаған балаға ниет қылысып серттескен құдалар. Бел құданы кейде «қарын құда», «құрсақ құда», «қызылдай құда» деп те атайды.

Бесік құда – ұлы мен қызы бесікте жатқан кезде атастырылып, серт беріскен құдалар. Мұндай құданы «бесік кертпе құда», «бесік кертті құда» деп те атай береді.

Қарсы құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен құдалар.

Орай құда – сәті түсіп, бір отбасынан бірнеше келін түсіру.

Жанама құда – бас құданың жанына еріп келген достары, жора-жолдастары.

 

ҚҰДАЛЫҚ ЖАЙЫНДАҒЫ НАҚЫЛДАР

Құданы құдай қосады,

Досты періште қосады,

Үйірі басқаны ноқта қосады.

 

Құдай дескен, құда болады,

Құшақтасқан дос болады.

 

Көргендіден қыз алсаң, мейманына мінсіз қызмет етер,

Көргенсізден қыз алсаң, мойныңа мініп өтер.

 

Біреу болса – құда,

Екеу болса – ұя.

 

Күйеу – жүз жылдық,

Құда – мың жылдық.

 

Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

 

Күндес көргендінің қызын алма.

 

Құданың құдасы – құнан қойдың сорпасы.

 

Құдандалылық малы бір, айтулы достың жаны бір.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 78 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: